Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби кеш

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби кеш
    ДругоеАяқталды

    №248 орта мектебі мен ауылдық клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Мұқағали әлемі» атты әдеби-сазды кеш өтті.

    Кештің мақсаты - оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту,поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру, жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу болды.

    Әдеби-сазды кеш барысында ақынның өмір жолы туралы мәліметтер беріліп,өлеңдері мәнерлеп оқылды.Сонымен қатар,ақын сөзіне жазылған әндер шырқалып,сахналық қойылымдар көрсетілді.

    Кеш әсерлі де мазмұнды өтіп, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Ақын жырлары тағы бір мәрте жүректерге жол тауып, оның мәңгілік мұрасы жас ұрпақ санасында жаңғыра түсті.

    Іс-шараға мектеп оқушылары, ұстаздар және клуб қызметкерлері белсене қатысып, көрермендерге әсерлі көңіл күй сыйлады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.