Маңғыстау облысының сұйытылған мұнай газына қажеттілігі

    Орган
    mangystau-upp
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Маңғыстау облысының сұйытылған мұнай газына қажеттілігі
    ДругоеАяқталды

    Өңірге айға бөлінген сұйытылған мұнай газ (бұдан әрі-СМГ) көлемі 18 000-19 000 мың тонна. Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 1 тамызынан бастап СМГ өнімінің бағасына өзгерістер енгізілді, Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі баға 72 теңге, ал облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандарда литріне 77 теңге болып бекітілді.

    Басқа аймақтардағы баға:

    Атырау, Ақтөбе облыстары – 85 -90 тг.;

    Шымкент – 102 тг;

    Павлодар облыстары 112-117 тг құрайды.

    Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігінің хаттамасына сәйкес, Маңғыстау облысына 2026 жылдың II-тоқсан сәуір, мамыр айына 18 000 тонна және маусым айына 17 000 тонна СМГ бөлінді. Сонымен қатар, негізгі бөлінсі көлемі жетіспейтін болғандықтан, Маңғыстау облысы әкімдігі ҚР Энергетика министрлігінен қосымша СМГ көлемін сұратуға жүгінеді, қосымша 1500-2000 тонна СМГ бөлінеді. Жаңа бағаға өту кезінде, Маңғыстау облысы әкімдігі тарапынан кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бағаны кезең-кезеңімен көтеру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды, 2025 жылдың 7 тамызынан бастап Маңғыстау облысы жаңа бағаға көшті, облыс аумағында жаңа бағаға көшу кезінде тұрғындар тарапынан наразылықтар туындаған жоқ.

    Ұқсас материалдар

    ФорумАяқталды

    Құрметті Маңғыстау облысының кәсіпкерлері Сіздерді Mangystau Business Talks бизнес-форумына шақырамыз.

    Құрметті Маңғыстау облысының кәсіпкерлері мен дамушы жандары сіздерді 12 ақпан күні 19.00 өтетін Mangystau Business Talks бизнес-форумына шақырамыз. Стористеріңізге бөлісіп кетсеңіздер Бұл алаңда кәсіпкерлер, сарапшылар және сала өкілдері бас қосып, бизнес, даму, тәжірибе алмасу және жаңа мүмкіндіктер жайлы ой бөліседі. Іс-шараға тіркелу сілтемесі профильде. Тіркеу формасын толтыруыңызды сұраймыз. Қатысуыңыз біз үшін маңызды! 📌Күні: 12 ақпан Өтетін орны: Luxury мейрамханасы 29а шағын ауданы Уақыты: 19:00 Профильдегі сілтеме арқылы алдын-ала тіркелу міндетті.

    13 ақпан 2026 ж.Тікелей
    ДругоеАяқталды

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлік субъектілерге қолданылатын шаралар

    Әлеуметік маңызы бар азық-түлік тауарларыың бағсын негізсіз өсірген кәсіпкерлік субъектілерге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4 бабына сәйкес сауда орындарына ӘМАТ-на 15% мөлшерінде сауда үстемесі асырмау бойынша - айыппұл қарастырылған; Жеке кәсіпкерлер және шағын бизнес - айыппұл 5 АЕК мөлшерінде; Орташа бизнес-35 АЕК; Ірі сауда желілері-150 АЕК). Қазіргі таңда, өңірлік Азық-түлік тауарларының барлық тізбегіндегі баға белгілеу бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссиясы жұмыс жасауда. Комиссия құрамында мемлекеттік орган қызметкерлері, саяси партия төрағалары және қоғам белсенділері бар. Комиссия кәсіпкерлік нысандарын аралап, бағаныи негізсіз өсірген кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 204.4-бабы бойынша ӘМАТ бағаларының үстеме ақысын 15% дан асырғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылады.

    13 ақпан 2026 ж.Тікелей
    ДругоеАяқталды

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі кеңейтілді

    "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362-нқ бұйрығымен бекітілген тұрғындар күнделікті қолданатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі: 1.Бірінші сортты бидай ұны 2. Бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан (пішінді) 3. Рожки 4. Қарақұмық жармасы (дән) 5. Тазартылған күріш (домалақ дәнді) 6. Картоп 7. Асханалық сәбіз 8. Басты пияз 9. Ақ қауданды қырыққабат 10.Қызанақ ("шие", "жүзім" сорттарынан басқа) 11. Қияр ("корнишондар"сортынан басқа) 12. Алма 13. Ақ қант – құмшекер 14. Күнбағыс майы 15. Сүйегі бар сиыр еті 16. Сүйексіз сиыр еті 17. Тартылған ет 18. Қой еті, оның ішінде сүйексіз 19. Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз 20. Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан) 21. Тауық еті (тауық жамбасы, сирағы, сан еті) 22. Тауық (ұшасы) 23. Майлылығы 2,2-6% пастерленген, ультра пастерленген, зарарсыздандырылған сүт дәмдік қоспалары жоқ (лактозасызды қоспағанда) 24. Майлылығы 2-3 % айран (лактозасызды қоспағанда) 25. Қаймақ (лактозасызды қоспағанда) 26. Майлылығы 5-9% сүзбе (лактозасызды қоспағанда) 27. Майлылығы 40-50% қатты, жарлытай қатты ірімшік 28. Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ) 29. Тауық жұмыртқасы (I санатты) 30. Қара шай (дәмдік қоспалары жоқ, пакеттелгендерден басқа) 31. Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа)

    13 ақпан 2026 ж.Тікелей
    ДругоеАяқталды

    Маңғыстау облысы бойынша жанар-жағармай мәселесі

    Маңғыстау облысына жанар-жағармай өнімі Атырау облысындағы «АтырауМұнайӨңдеуЗауыты» ЖШС-нен жеткізіледі. Зауыттағы көтерме бағасы: 1) Бензин (1 тоннада – 1 335 литр): – АИ-92 маркасы 232 218 тг/тонна – АИ-95 маркасы 286 700 тг/тонна; 2) Дизель отыны (1 тоннада – 1 205 литр) жаз/маусымаралық кезең үшін – 324 565 тг/тонна құрайды. Маңғыстау облысында 2025 жылы барлығы 49 жанар-жағармай құю бекеттері тіркелген: Анықтама: Ақтау қаласы – 22, Жаңаөзен қаласы – 3, Бейнеу ауданы – 7, Қарақия ауданы – 6, Маңғыстау ауданы – 2, Мұнайлы ауданы – 4, Түпқараған ауданы – 5. Жанар-жағармай құю бекеттерінде бөлшек бағасы (литр): Бензин АИ-92 маркасы – 221-234 тг; Бензин АИ-95 маркасы – 267-270 тг; Дизель отыны (жаздық/маусымаралық) – 316-329 тг.

    13 ақпан 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.