
Жаңа жыл қарсаңында, Арасан шекара бекеті қызметкерлерінің көмегімен, Арасан ауылында үш отбасыға бір тоннадан көмір түсіріп көмек көрсетілді. Жігіттерге көп рақмет!

Жаңа жыл қарсаңында, Арасан шекара бекеті қызметкерлерінің көмегімен, Арасан ауылында үш отбасыға бір тоннадан көмір түсіріп көмек көрсетілді. Жігіттерге көп рақмет!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен көпбалалы ана Мұхаметбай Шұға «Алтын алқа» наградасымен марапатталды. Бұл жоғары марапат — ана еңбегіне көрсетілген зор құрмет пен мемлекет тарапынан берілген үлкен баға. Мұхаметбай Шұғаны айтулы марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, отбасына амандық, деніне саулық, ұзақ ғұмыр және әулетіне бақ-береке тілейміз. Балаларының қызығын көріп, мерейі үстем бола берсін!
Діни экстремизм мен терроризмнің қаупі туралы түсіндірме жұмыстары. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және теріс діни ағымдардың алдын алу мақсатында "Діни терроризмнің қаупі" тақырыбында жаднама негізінде оқушылармен түсіндірме жұмыстарымен өткізіледі. Түсіндіру барысында діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін зияны, күмәнді ақпараттардын сақтану, әлеуметтік желілердегі қауіпті шақыруларға ермеу және өз қауіпсіздігін қорғау жолдары туралы мәліметтер беріледі.