Қазақстан Републикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша Республикалық референдум

    Орган
    mfa-stockholm
    Орны
    Посольство Республики Казахстан в Королевстве Швеция
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстан Републикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша Республикалық референдум
    КездесуАяқталды

    Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

    2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша Республикалық референдум өтетінін хабарлаймыз.

    Осыған байланысты Швецияның аумағында 2026 жылғы 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша 08:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы № 474 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

    Елшіліктің мекенжайы: Birger Jarlsgatan 37, 3 tr., 111 45, Stockholm.

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 25-тармағына сәйкес, республикалық референдумға қатысу құқығы және ниеті бар азаматтардың № 474 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу үшін тиісті деректерді ( аты-жөні, туған күні, ЖСН, Швециядағы мекенжайы, байланыс деректерді) «Референдум-2024» белгісімен келесі электрондық мекенжайға 2026 жылғы 9 наурызға дейін жіберуіңізді сұраймыз: [email protected].

    Сайлау өтетін күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алып келу қажет екеніне назар аударамыз.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.