
Құрметті АХАТ саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – АХАТ қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер адам өміріндегі ең маңызды сәттердің – дүниеге келу, неке қию, жаңа отбасының құрылуы сияқты ерекше кезеңдердің куәсі болып, құжаттық тұрғыдан рәсімделуіне жауапты қызмет атқарып келесіздер. Адал еңбектеріңіз бен жоғары жауапкершіліктеріңіздің арқасында азаматтардың құқықтары қорғалып, қоғамдағы маңызды қатынастар заңды түрде бекітіледі. Бұл – үлкен сенім мен кәсіби шеберлікті талап ететін абыройлы қызмет.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, қызметтеріңізге толағай жетістіктер тілейміз! Ел игілігі жолындағы жұмыстарыңыз әрдайым жемісті болсын!