
Қазақстанда Республика күні жыл сайын 25 қазанда тойланады
және мемлекеттік мереке болып табылады. 1990 жылдың осы күні ел тәуелсіздігінің
іргетасын қалаған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды.
Бұл мереке 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қалпына келтірілді.