Қазақ тілін бірге үйренейік!

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақ тілін бірге үйренейік!
    КездесуАяқталды

    Құрметті қандастар!

    Отандастар қоры қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!

    Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі.

    Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:

    – Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;

    – Жас ерекшелігі маңызды емес;

    – Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;

    – Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;

    – Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.

    Курстың артықшылықтары

    Тілді меңгеру мүмкіндігі:

    – Қазақ тілінде еркін сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын дамыту;

    – Тілді меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдени шараларға қатысу.

    Тілдік орта қалыптастыру:

    – Онлайн курстарда тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары кешенді түрде дамиды.

    Мәдениетпен танысу:

    – Тек тілді ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін де үйренуге мүмкіндік береді.

    Өз-өзіне сенімділік:

    – Тілді меңгерген сайын, жаңа ортада өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жетеді, бұл өзіне деген сенімділікті арттырады.

    Сертификат алу мүмкіндігі. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет.

    Курсты толық аяқтау:

    – Барлық сабақтарды толық өту;

    – Әр сабақтың тапсырмаларын орындап, тесттерден өту.

    Қорытынды тест немесе емтихан тапсыру:

    – Курсты қорытындылау үшін жалпы білім деңгейін тексеретін емтихан немесе тест тапсыру қажет;

    Белсенділік:

    – Сабақтарға тұрақты қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларға беріледі.

    Неге дәл осы курс?

    – Сізге арналған интерактивті сабақтар;

    – Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар.

    Курсқа қалай тіркелуге болады?

    Онлайн қазақ тілі курсы түрік және орыстілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі.

    Курсқа тіркелу және қатысу үшін деңгейіңізді анықтайтын тесттен өтіңіз 🔽

    Орыс тіліндегі тест

    https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHSwC1Bh7oodrUEqaCIVwPXmIlR4yGaMOZa2JjlKkVrwQG6Q/viewform?usp=dialog

    Түрік және орыстілді аудитория үшін:

    – 25 ұпайға дейін жинағандар - А1 тобы

    – 50 ұпай аралығында жинағандар - А2 тобы

    – 75 ұпай аралығында жинағандар - B1 тобы

    – 75 ұпайдан көп жинағандар - В2 тобына қосылуыңызды сұраймыз.

    Орыс тілді аудитория үшін Telegram группалар:

    А1: https://t.me/+TmqhiKZHeVJiOWEy

    А2: https://t.me/+erC61FUMki00YTAy

    В1: https://t.me/+tbNy0C7bOoNlNDA6

    В2: https://t.me/+A3V_axFsPp40ZmM6

    Сілтеме арқылы қосыла алмаған жағдайда, QR-код арқылы кіруіңізді сұраймыз.

    Whatsapp және Telegram группаға қосылғаннан кейін оқытушының нұсқаулық беруін күтуіңізді сұраймыз. Оқытушы сабақ кестесін барлық қатысушылар тесттен өтіп болғаннан кейін жолдайды. Сабақ кестесіне бойынша онлайн қазақ тілі курсы 2026 жылдың наурыз айынан басталады

    Ұқсас материалдар

    КонференцияАяқталды

    ULTTYQ ÓNIM 2026 отандық өндірушілердің IX жыл сайынғы көрмесіне қатысуға шақырамыз

    "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Халықаралық әріптестерді, қаржы институттары мен бизнес қауымдастықты 2026 жылғы 22-24 мамырда Астана қаласында EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында өтетін ULTTYQ ÓNIM 2026 отандық өндірушілердің IX жыл сайынғы көрмесіне қатысуға шақырады. ULTTYQ ÓNIM-600-ге жуық қазақстандық өндірушілерді біріктіретін және бизнесті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін мүмкіндіктер жасайтын негізгі ұлттық платформа. Көрме аясында: * отандық компаниялардың өнімдерін көрсету * іскерлік және халықаралық серіктестіктер құру * инвестициялық және қаржылық шешімдерді іздеу • B2B-шетелдік серіктестермен кездесулер Іскерлік бағдарлама халықаралық ұйымдар, қаржы институттары мен банктер өкілдерінің қатысуымен Бизнес-форумды қамтиды. Қатысушылар арасында Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі халықаралық ұйымдарды, қаржы институттары мен компанияларды көруге қуаныштымыз. Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/VJx27SDa3aLXu4aD6 "Даму" қоры - біздің қолдауымыз, Сіздің дамуыңыз. Қатысу мәселелері бойынша: [email protected] [email protected]

    11 мамыр 2026 ж.Тікелей
    НазначениеАяқталды

    Өңірлік Экологиялық Саммит – 2026

    Саммит туралы Өңірлік Экологиялық Саммит – 2026 Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске қосылды және БҰҰ-мен әріптестік аясында климаттың өзгеруіне қарсы ортақ шешімдер әзірлеу үшін Орталық Азия елдерін біріктіруге бағытталған. Бұл жай ғана кездесу емес — 2024 жылы басталған және 2026 жылғы жоғары деңгейдегі Саммитпен аяқталатын екіжылдық дайындық процесі. Дәл осы Саммитте келісілген экологиялық бастамалар мен өңірлік өзара іс-қимыл тетіктері ұсынылады. Саммит бастамасы халықаралық серіктестер тарапынан кең қолдауға ие болды. Олардың қатарында БҰҰ, үш Рио-конвенциясының хатшылықтары — БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (UNFCCC), Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция (CBD) және Шөлейттенуге қарсы күрес туралы конвенция (UNCCD), сондай-ақ БҰҰ ЕЭК, БҰҰДБ (UNDP), БҰҰ-Хабитат, ЮНЕП (UNEP), ЮНИСЕФ (UNICEF), ЮНФПА (UNFPA), ФАО (FAO), ЮНЕСКО (UNESCO), ЮНИДО (UNIDO), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (WMO), Халықаралық еңбек ұйымы (ILO), ЭЫДҰ (OECD), Халықаралық энергетика агенттігі (IEA), IRENA, Азия даму банкі (ADB), Дүниежүзілік банк (World Bank), IWMI, SWITCH-Asia және басқа да ұйымдар бар. Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы бастаманы БҰҰ Бас Ассамблеясының 2023 жылғы 19 желтоқсандағы 78/147 қарары — «Экологиялық сын-қатерлер жағдайындағы Орталық Азия: орнықты даму мен өркендеу жолындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту» арқылы қолдады. Бастамаға қолдау мемлекет басшылары деңгейіндегі бірқатар маңызды саяси құжаттарда да бекітілді: Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінің Қарабах декларациясы (2024 жылғы 6 шілде, Әзербайжан); Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Алтыншы консультативтік кездесуінің Бірлескен мәлімдемесі (2024 жылғы 9 тамыз, Қазақстан); Түркі мемлекеттері ұйымының Он бірінші саммитінің Бішкек декларациясы (2024 жылғы 6 қараша, Қырғыз Республикасы). 2025 жылы бастама Астана халықаралық форумы, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының ашылу рәсімі, сондай-ақ БҰҰ-ның теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер жөніндегі Үшінші конференциясы (Түрікменстан) барысында одан әрі мойындалып, кеңінен қолдау тапты. Бастама «Бір Тамыр» сөз тіркесінде көрініс тапқан. «Тамыр» сөзі өңірдің барлық дерлік тілдерінде бар және терең мағынаны білдіреді. Тамырлар - ортақ тарих пен табиғатпен байланыс сияқты, ол - қан тамырлары - өңірдің жүрек қағысы мен қозғалысының нысаны, тамырлардың тоғысуы, рухтың және мәдениеттің ортақ желісі. Бұл — Орталық Азияны саяси шекаралармен емес, ортақ мән-мағынамен, жадымен және болашақпен біріктіретін байланыс, тұрақтылық және ортақ мұраның метафорасы. Орталық Азия елдерінің бейнесі Саммиттің эмблемасында (логотипінде) визуалды көрініс тапқан: пішіндері, түстері мен сипаты әртүрлі, бірақ бір-біріне жақын тұрған, алуантүрлілік бірліктің символы ретінде. Штрих-кодтың пішіні де диалог пен іс-қимыл үшін ортақ кеңістікті білдіреді, заманауи тәсілдерді, инновациялар мен шешімдердің технологиялық сипатын бейнелейді.

    1 наурыз 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.