6 наурыз күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты концерті өтті
Құттықтау сөз Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановқа берілді.
Мерекелік кештің құрметті қонақтары: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев, Қазақстан эстрадасының жұлдызы Turar, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурлан Алимжанов, Қазақ киноактері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жан Байжанбаев. Концерттік бағдарламаға «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблі, ШҚО әкімі симфониялық оркестрінің әртістері, «Алтай» би ансамблі, ШҚО драма және оперетта театрының әртістері, «Экстази» шоу-балеті, «Территория» би студиясы, «Пируэт» үлгілі би ансамблі, ШҚО ПД хоры, «Қыдырәлі-Қарақат» мектеп-студиясы және облыстық филармониясының солисттері қатысты. Кеш жарқын, әсерлі әрі шабытқа толы болды. Әсем әуендер, гүлдер, жүректен шыққан алғыс пен ізгі тілектер көктемнің жылы лебін сездіріп, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жылдың ең жарқын, көңілді әрі асыға күткен мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бұл шара кітапхана ауласын балалардың шат күлкісіне, шығармашылық пен сиқырға толы үлкен интерактивті алаңға айналдырды. Ұйымдастырушылар заманауи кітапхананың тек оқу залдарындағы тыныштық қана емес, сонымен қатар драйв, креатив пен жаңалықтар мекені екенін толықтай дәлелдей алды. Таза ауадағы кітап демалысы мен жас блогерлер мектебі Мерекенің шымылдығы ашық аспан астындағы жайлы «Кітап пикнигімен» ашылды. Таза ауада жайғасқан бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары уақытты өте пайдалы өткізді: жаңа шыққан түрлі-түсті кітаптарды парақтап, сүйікті ертегілерін оқыды және күннің жылы шуағына шомылып демалды. Ал жас блогерлер үшін ұйымдастырылған мобилография шеберлік сыныбына жиналғандардың санында шек болмады. Кітапхана мамандары балаларға кітап тақырыбында трендті әрі эстетикалық видеолар түсірудің құпияларын үйретті. Енді өскемендік жеткіншектердің әлеуметтік желілері кітаппен түскен ерекше селфилер мен тартымды рилстерге (reels) толатыны сөзсіз! Зейін, тапқырлық және шығармашылық Ой сергітіп, бақ сынағысы келгендер үшін «Логикалық ойындар» алаңы жұмыс істеді. Мұнда ұл-қыздар тапқырлық пен алғырлықтан өзара жарысты. Ал нағыз азарт пен толқыныс алаңы «Кітап драйвы» атты интеллектуалды квиз-шоуда сезілді. Ең білімді әрі шапшаң қатысушылар ұйымшылдық танытып, бас білгір атағына ие болу үшін аянып қалмады. Дәл осы уақытта «Шеберлер шеберханасында» нағыз өнер атмосферасы орнады. Балалар ерекше ықыласпен сурет салып, қолөнермен айналысты. Үйлеріне әр бала осы бір тамаша күнді еске түсіріп тұратын, өз қолдарымен жасаған кішігірім авторлық туындыларын ала кетті. Ең тәтті тосынсый Балаларды қорғау күнін жаздың ең сүйікті дәмісіз елестету мүмкін бе? Мерекелік бағдарламаның жағымды әрі өте дәмді түйіні — барлық қатысушыларға балмұздақ таратылған сәт болды. Осынау ыстық күнде тәтті тосынсый балаларға шынайы қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күйді еселей түсті! Мереке өте сәтті өтті! Ұйымдастырушылар берген уәдесінде тұрды: әрбір қонақ өзімен бірге ұмытылмас сәттерді, жаңа достарды және, әрине, басталған жазғы демалысқа деген тамаша көңіл-күй зарядын ала кетті. Күннің басты ұраны болған — «Жүзіңнен күлкі кетпесін!» сөзі жүз пайыз орындалды. Бұл күнгі балалардың күлкісі әлемді шынымен де сәл де болса бақыттырақ ете түскен
Шығыс Қазақстан облысының мәдениет ұйымдарында инклюзивті мәдени ортаны дамыту, мәдениет нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету және мүгедектігі бар адамдарды шығармашылық қызметке тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл сайын жалпы саны 13 мыңнан астам адамды қамтитын 500-ден астам іс-шара өткізіледі. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана Қолжетімділік жағдайлары жасалған: пандустар, шақыру батырмалары, Брайль қарпімен навигация, тифлозоналар және арнайы жабдықтар орнатылған. «Лицедеи» театр студиясы, «Сиқырлы жіптер», «Ақ жүрек», «Кино бәріне» үйірмелері жұмыс істейді. Қатысушылар саны – 127 адам . 2026 жылдың басынан бері 4 мыңнан астам келушіні қамтыған 165 іс-шара өткізілді. «Рухты теңдік», «Өмір сүреміз!» фестивальдері, әдеби кештер, театрландырылған концерттер және сәндік-қолданбалы өнер көрмелері ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мүгедектігі бар адамдар театр, вокал және сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне белсенді түрде тартылуда. А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Кітапханада мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасалған: пандустар, көтергіш құрылғы, арнайы санитарлық бөлмелер, тифлотехникамен және оқу құрылғысымен жабдықталған зал бар. Инклюзивті мәдени-ағартушылық іс-шаралар , медиа-сабақтар, әдеби кездесулер, шеберлік сағаттары, компьютерлік сауаттылық пен робототехника сабақтары өткізіледі. 2025 жылы «Рәміздерім – мақтанышым», «Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры», «Менің Отаным – Қазақстан» іс-шаралары, «Ескі ертегінің құпиялары» әдеби рингі, көшпелі «Кітап керуені» және «Ақ таяқ: әлемді саусақпен тану» атты Халықаралық форум ұйымдастырылды. Жыл сайын сәндік-қолданбалы өнердің « Күзгі шабыт » жәрмеңкелері өткізіледі, жасанды интеллект технологияларын қолдануға негізделген жобалар, соның ішінде «SMART BALA: өнертапқыштыққа алғашқы қадам » жобасы жүзеге асырылуда. 2025 жылдың басынан бері кітапхана қызметін 465-тен астам ерекше қажеттілігі бар пайдаланушы қолданды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде шығармашылық және цифрлық дағдыларды дамыту қамтамасыз етіліп, инклюзивті білім беру бағдарламалары кеңейтілді. Шығыс Қазақстан драм а және оперетт а театр ы Қолжетімділік жағдайлары жасалған: пандустар, лифт, тактильді көрсеткіштер және бейімделген санитарлық бөлмелер қарастырылған. «Үміт Нұры» фестивалі өткізілді, ол театрландырылған концерт пен сәндік-қолданбалы өнер көрмесін біріктірді. Кеш шабыт беретін тағдырларға және көрермендерге жылулық, үміт пен өмірге деген сүйіспеншілік сыйлайтын шығармашылықтың күшіне арналды. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен инклюзивті концерттер мен театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды. Іс-шаралар 500-ден астам көрермен мен қатысушыны қамтыды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мүгедектігі бар адамдар сахналық өнер мен театр қызметіне белсенді түрде тартылуда. Шығыс Қазақстан филармониясы Халықаралық инклюзивті «Өмір сүреміз!» фестивалі өткізілді, ол 3000-нан астам көрермен мен қатысушыны қамтыды. Іс-шара басталғанға дейін фойеде инклюзивті қоғамды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Ерекше назарды шеберлікпен әрі шабытпен жасалған бірегей бұйымдар ұсынылған қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі аударды. Фестивальдің шарықтау шегі « Өмір сүреміз !» гала-концерті болды. Ол бір сахнада Шығыс Қазақстан облысы мен Қазақстанның өзге өңірлерінен келген талантты, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды біріктірді. Шығыс Қазақстан Өнер музейі « Басқа кеңістік», «Кедергісіз әлем » көрмелері, « Шекарасыз өнер» фестивалі , Наурыз мерекесіне арналған және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды. 2025 жыл мен 2026 жылдың бірінші тоқсанында музей қызметі шамамен 500 мүгедектігі бар адамды қамтыды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасалды. Риддер тарихи-өлкетану музейі «Жаңа жылдық ғажайып», «Масленица қақпада», «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» іс-шаралары, «Әркімге қамқорлықпен» акциясы өткізілді. Әлеуметтік орталықтармен бірлесіп шеберлік сағаттары мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды. 2026 жылы 278 адам қамтылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мәдени-демалыс және интерактивті жұмыс түрлері дамытылды. Шығыс Қазақстан қорық-музейі Сәндік-қолданбалы өнер көрмелері және «Қазақстанның этнографиялық алқасы» іс-шарасы өткізілді. Мүгедектігі бар қатысушылар қолдан жасалған бұйымдарын ұсынып, шеберлік сағаттарына қатысты. 158 адам қамтылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде халық шығармашылығы мен қолөнершілікке қолдау көрсетілді. Облыстық тарихи-өлкетану музейі «Тарихқа жақында » тактильді көрмелері, интерактивті экскурсиялар және « Музейдегі түн » акциясы ұйымдастырылуда. Жыл сайын 2 мыңнан астам адам қамтылады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қолжетімді музейлік бағдарламалар мен бейімделген экскурсиялар дамытылды. Зайсан тарихи-өлкетану музейі 8 іс-шара өткізіліп, 1100 адам қамтылды, оның ішінде 170 мүгедектігі бар адам бар. Көрмелер, шеберлік сағаттары, « Ерлік жолы – өмір сабағы » кездесулері, « Музей түні » акциясы, Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар және спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауыл тұрғындары мәдени іс-шараларға белсенді түрде тартылуда. Шемонаиха тарихи-өлкетану музейі Балалар шығармашылығы көрмелері, « Музейдегі түн », « Гребенщиков оқулары », тақырыптық кездесулер және мүгедектігі бар балалар мен ересектердің қатысуымен мәдени бағдарламалар өткізіледі. Негізгі проблемалық мәселелер: - инклюзивті шығармашылық пен тифлонұсқаушы мамандардың жетіспеушілігі; - материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі; - арнайы жабдықталған үй-жайлар мен көліктің болмауы; - дыбыс жазу және тифлокомментарий жасауға арналған жабдықтардың жетіспеуі; үйірмелер мен фестивальдерді қаржыландырудың жеткіліксіздігі. Шешу жолдары : инклюзивті шығармашылық орталықтарын құру; заманауи тифлотехнологиялармен жабдықтау; дыбыс жазу студиялары мен шығармашылық шеберханалар ашу; арнайы бейімделген көлік сатып алу; инклюзивті фестивальдер мен байқауларды тұрақты түрде өткізу. Жүргізіліп жатқан жұмыс мүгедектігі бар адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың өңірдің мәдени өміріне қатысуын кеңейтуге және Шығыс Қазақстан облысының мәдениет ұйымдарында қолжетімді инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Информация о создании условий для занятий творчеством лиц с инвалидностью в организациях культуры Восточно-Казахстанской области
23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай кітапхана алаңында «Open Library: Ашық аспан астындағы кітапхана» атты кең ауқымды мәдени-рухани шара ұйымдастырылды. Аталған мереке – кітап пен кітапхананың қоғамдағы маңызын айшықтап, оқырман мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тағылымды бастама. Биылғы жылдың ерекшелігі – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні қатар аталып өтіп, руханият саласы қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Шара театр әртістерінің әсерлі прологымен ашылып, салтанатты бөлім барысында облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана саласының дамуына тоқталса, жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті жазушысы, Жазушылар одағының ШҚО филиалының өкілі Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев кітаптың рухани құндылығы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, облыс әкімі кітапқа деген сүйіспеншілігімен ерекшеленген «Үздік оқырмандарды» марапаттады. Кеш барысында өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламалар ұсынылып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Іс-шара аясында А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы, ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы және өлкетану музейі, қолөнершілер оқырмандарға түрлі интерактивті және танымдық локациялар ұйымдастырды. Мерекелік шара кітапсүйер қауымға рухани серпіліс сыйлап, кітап пен білімге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
22 сәуірде Шығыс Қазақстан Өнер музейінде Тарбағатай ауданының «Балалар өнер мектебі» ұсынған «Мен әлемді сүйемін» атты оқушылар шығармашылығы көрмесі өтіп, өз мәресіне жетті. Бұл көрме – жай ғана суреттер жиынтығы емес, бала жүрегінен туған шынайы сезімнің, таза қиялдың және өмірге деген махаббаттың көрінісі болды. Әрбір туынды көрерменге ерекше әсер сыйлап, жас суретшілердің ішкі әлемін танытты. Көрме барысында 85 туынды көпшілік назарына ұсынылып, жас дарындардың шығармашылық ізденісі мен шеберлігі бағаланды. Шеберлік сағаттары Сонымен қатар шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, қатысушылар тек тамашалап қана қоймай, өнерді өз қолдарымен сезініп, шығармашылық атмосфераға ене алды: Жүн басу арқылы текемет жасау Майлы бояумен жылдам сурет салу Акварель техникасының қыр-сырын меңгеру Іс-шара қатысушылары Көрменің ашылу салтанатында «Балалар өнер мектебі» КММ директоры, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Өз маманның үздігі» медалі иегері Шоқанов Әлібек Төкенұлы сөз сөйледі. Сонымен қатар мастер-класқа «Көркемөнер» сыныбы мұғалімдері Шоқанов Әділет Әлібекұлы мен Жетпісов Мейір Мұратбекұлы, сондай-ақ «Балалар өнер мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назымханова Ажар Болатханқызы қатысты. Пікірлер Шығыс Қазақстан Өнер музейінің директоры Е. Калижанов: «Тарбағатай ауданына және «Балалар өнер мектебінің» бүкіл ұжымына терең алғыс білдіремін. Бүгінгі көрме – балалар жүрегінің тазалығы мен шығармашылық шабыттың айқын дәлелі. Мұндай шаралар өнерге деген сүйіспеншілікті оятып, жас таланттардың жолын ашуда маңызды рөл атқарады.» «Балалар өнер мектебі» КММ директоры, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Өз маманның үздігі» медалі иегері Шоқанов Әлібек Төкенұлы: «Бұл көрме – біздің оқушыларымыздың шығармашылық ізденістерінің нәтижесі. Балалар өнері – ең таза, ең шынжырқ сезімдерге толы. Әрбір туындының артында шексіз қиял мен өмірге деген махаббат жатыр. Мұндай маңызды шараны ұйымдастыруда қолдау білдірген Шығыс Қазақстан Өнер музейінің басшылығына және барлық қонақтарға алғыс айтамын.»
17 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы қабырғасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлнұр Зұлқаршынның «Күн көзіндегі көлеңке» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті. Қаламгер, публицист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы сөз сөйлеп, ақынның шығармашылығына жоғары баға берді. Сонымен қатар шара барысында қаламыздың ақын-жазушылары да өз лебіздерін білдіріп, жаңа жинақтың әдеби құндылығына тоқталды. Әдеби кешке қаладағы кітапсүйер қауым, оқырмандар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Шара барысында ақынның шығармашылығы кеңінен таныстырылып, жаңа кітаптың мазмұны мен идеялық ерекшеліктері туралы пікірлер айтылды. Гүлнұр Зұлқаршын 1979 жылы Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. Ол небәрі 10 жасынан бастап Қытайдағы газет-журналдарда өлеңдері жарияланып, жасынан-ақ дарынды ақын ретінде танылған. Кейін республикалық, облыстық, аймақтық деңгейдегі айтыстар мен жыр мүшәйраларының жүлдегері атанды. 2008 жылы тарихи Отаны – Қазақстанға оралып, әдебиет саласында белсенді еңбек етіп келеді. Бүгінде ақын бірнеше облыстық мүшәйралардың жеңімпазы, «Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі». Сонымен қатар «Тамшы» шығармашылық үйірмесі мен «Ақиық» ақындар орталығының ұйымдастырушысы. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы «Alatau Creative Hub» кітапхана, коворкинг және арт-орталығында қызмет атқарады. «Күн көзіндегі көлеңке» – ақынның екінші жыр жинағы. Кітапта адам жанының терең иірімдері, жүрек түкпіріндегі сезімдер мен айтылмай қалған сырлар поэзия тілімен өрнектелген. Жинақ оқырманды ішкі әлеміне үңіліп, өмірдің жарығы мен көлеңкесін қатар тануға шақырады. Кеш барысында автор өз өлеңдерін оқып, оқырмандармен еркін форматта сұхбат құрды. Әдеби жүздесу әсерлі әрі мазмұнды өтті.
2026 жылғы 31 наурыз күні облыстық филармониясында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Сергей Косачевтің 75 жылдық мерейтойына арналған «Тағдырға айналған оркестрлер» атты концерті өтті. Кештің арнайы қонағы – Алматы қаласынан келген талантты пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты Әділет Сексенов. Бағдарламаға облыстық филармонияның солисттері: Вячеслав Ткач, Абай Қаиырбек, Арника Байбусынова, Ирина Карпеева, Татьяна Ходько және Елена Косачева қатысты. Сондай-ақ дирижер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсанов және «Big Band» джаз оркестрінің дирижері Александр Адамов өнер көрсетті. Бұл кеш көрермендерге естен кетпес әсер қалдырып, шабыт сыйлап, жанды музыканың ғажайып сиқырын сезінуге мүмкіндік берді.