
Көршілер пәтерді заңсызқайта жабдықтады.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес:
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келiсу бойынша тапсырыс беруші (меншiк иесi) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларынсыз нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша:
Қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, тірек конструкциялары мен инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаны нашарлатпайтын,пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды реконструкциялауды (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жүзеге асыра алады.