Сырдария ауданы әкімі аппараты, Сырдария аудандық тұрғын – үй коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеумметтік бағдарламалар бөлімдерінің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізеді.
Талдау барысында аталған саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттары және басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша зерделенеді.
Талдау «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 01 – 30 сәуір күндері аралығында жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
Осыған орай, Әкімдікке қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.
Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.