Конкурс

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    «Келінтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №209 бұйрығына сәйкес «Келінтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының «Келінтөбе ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Өнер немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе қызмет көрсету мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

    Лауазымдық міндеттері Шығармашылық, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырады және клуб мүлкінің сақталуын жүзеге асырады; елді мекен (ықшамаудан), сондай-ақ жақын маңдағы елді мекен (ауыл, кент) тұрғындары арасында мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырады; клуб жұмысының жоспарын жасайды, бекітеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді; көркемөнерпаздар үйірмелері мен бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастырады;

    демалыс кештерін, тақырыптық концерттер, кештер және көпшілік шараларды өткізеді; қоғамдық клуб белсенділеріне мәдени-көпшілік шаралар жүргізуде әдістемелік көмек көрсетеді.

    Білуі тиіс: ҚР Конституциясын, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, ҚР "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын, клуб жұмыстарын ұйымдастыруды.

    Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар «Келінтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:

    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
    3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
    4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
    6) Денсаулық жағдайы туралы анықтама.
    Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

    7) Сотты болмағаны туралы анықтама ұсынуы қажет.

    Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін. Азаматтар өздерінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі (кәсіби біліктілігін арттырған жайлы ғылыми атағы және дәрежесін алғаны туралы құжаттардың, мінездемелердің, ұсыныстардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқа көшірмелері) туралы қосымша ақпарат ұсына алады. Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарын конкурс өткізу жөнінде аталмыш хабарландыру жарияланған мезеттен бастап 15 күннің ішінде құжаттарын өткізуі тиіс.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес мәніне бағалаулардың нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келген кандидаттардың тізімін бекіту туралы немесе әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы шешімдер қабылдайды. Ұйым үш жұмыс күннің ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды, оларды кандидат ретінде бекіту, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді.

    Бұл ретте әңгімелесу өтетін күн кандидаттардың әңгімелесуге келуі үшін қажетті уақытты қамтамасыз етуді ескере отырып белгілейді. Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберілмейтін себебі туралы хабарландырылады.

    Үміткерлермен әңгімелесу мына мекен-жайда жүргізіледі: индекс 120307 Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округі Мұхтар Әуезов көшесі №23. Тел: (872435) 78-2-82. Аталмыш басшылыққа орналасқан адам үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер ұсынылмайды.

    Конкурстық комиссия

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.