
2026 жылғы 20 наурызда Өңірлік коммуникация қызметінде «2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы» тақырыбында ветеринария басқармасы басшысының брифингі өтеді

2026 жылғы 20 наурызда Өңірлік коммуникация қызметінде «2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы» тақырыбында ветеринария басқармасы басшысының брифингі өтеді
Биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Талгат Калбекулы Шамшадин 2026 жылғы маусымның 1 мен 5 аралығында Астана қаласында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (FAO) Пандемияға қарсы қордың қаржылық қолдауымен іске асырып жатқан «Орталық Азиядағы «Біріңғай денсаулық» тәсілі негізінде пандемияларға дайындық және ден қою» жобасы аясында «Жануарлар денсаулығы саласындағы эпидемиологиялық қадағалау, ауру ошақтарын тергеп-тексеру және тәуекелдерді бағалау» тақырыбында оқу өтеді.
2026 жылғы 7 мамырда Астана қаласында «Әділетті Қазақстан — тұрақтылық пен дамудың кепілі» халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Үздік еңбек адамы» республикалық патриоттық конкурсының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Конкурс еңбек беделін арттыру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан жоғары білікті мамандарды анықтау және көтермелеу жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өткізілді. Конкурстың нәтижелері бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ бас маманы - Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік ветеринариялық дәрігері Әлменова Сабина Ғалымбекқызы I дәрежелі дипломға ие болды марапаттау аясында «Үздік еңбек адамы» төсбелгісімен және ескерткіш мүсінімен марапатталды. Сондай-ақ мекеме басшысының атына алғыс хат жолданды. Әлменова Сабина Ғалымбекқызы білікті маман, 7 жылдан астам жұмыс өтілі бар, кәсіби ортада беделге ие және Қостанай облысының ветеринариялық қызметін дамытуға елеулі үлес қосады. Сабина Ғалымбекқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз!
Алтынсарин ауданында ветеринария басқармасының басшысы Т.К. Иманбаевтың, әкімдік пен ауыл шаруашылығы өндірушілері өкілдерінің қатысуымен көктемгі егіс жұмыстарын бастау мәселелері бойынша кеңес өтті. Эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, профилактикалық ветеринариялық іс-шараларды жүргізу мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша дала жұмыстарын табысты жүргізуге және өңірде ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалар берілді.
Ветеринария басқармасында қалалар мен аудандардың ведомстволық бағынысты ветеринариялық станциялары басшыларының, сондай-ақ басқарма өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды сапалы өткізу кеңестің негізгі тақырыбы болды. Кездесу барысында жануарларды уақтылы вакцинациялау, ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау және эпизоотиялық жағдайды бақылау мәселелері қаралды. Проблемалық мәселелер мен жұмыс тиімділігін арттыру шаралары талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша профилактикалық іс-шаралардың сапасын жақсартуға, заңнаманың сақталуын бақылауды күшейтуге және уақтылы есептілікті қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалар берілді. Жұмыс жоспарларының қатаң сақталуының және олардың орындалуына жеке жауапкершіліктің маңыздылығы атап өтілді.
2026 жылғы 27 ақпанда орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингі бөлімінің қызметкерлері онлайн форматта Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының ведомстволық бағынысты аудандық, қалалық ветеринариялық станцияларының ветеринариялық қызметтерінің мамандары үшін «Қатесіз бірдейлендіру: АШЖБ жаңа функционалымен жұмыс және жергілікті жерлерде проблемаларды шешу» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты АШЖБ жаңа функционалымен қатесіз жұмыс істеуге үйрету, жануарларды бірдейлендірудің бірыңғай алгоритмін қалыптастыру, типтік және күрделі проблемалық жағдайларды пысықтау, сондай-ақ жүйемен және жануарлар иелерімен жұмыс істеу кезінде дәрігерлердің сенімін арттыру болды. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге қойылатын талаптар және ақпараттық жүйенің логикасы, АШЖБ жаңа функционалдарындағы қадамдық жұмыс туралы, жергілікті жерлердегі проблемалық жағдайлар және олардың алдын алу тәсілдері туралы, сапаны бақылау мен өзін-өзі тексерудің маңыздылығы туралы ақпарат жеткізілді. Тренинг қорытындысы бойынша сенімді жұмыс формуласы шығарылды: Мен заңнамалық талаптарды білемін → АШЖБ базасының логикасын түсінемін → алгоритм бойынша әрекет етемін → жергілікті жерлерде мәселелерді шеше аламын.
2026 жылдың 27 ақпанында А. Байтұрсынов атындағы КРУ-да ветеринария кафедрасының 4 және 5 курс студенттерімен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты Ветеринария мамандықтарының түлектерін жұмысқа орналастыру болды. Кездесу барысында "Жастар практикасы", "Дипломмен ауылға" бағдарламалары, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, оның ішінде ЖОО түлектерін конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі туралы түсіндірме берілді, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ветеринариялық станцияларда ветеринариялық білімі бар мамандардың бос жұмыс орны туралы ақпарат айтылды. Студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Құрметті әріптестер! Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы Сіздерді Жаңа 2026 жылмен құттықтайды! Алдағы жыл тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенімділік пен ж аңа мүмкіндіктер әкелсін. Әр үйге зор денсаулық, амандық, бейбітшілік, келісім және бақыт тілейміз!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ветеринария басқармасының басшысы ұжымды еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірімен құттықтады. Өзінің құттықтау сөзінде ол Қазақстан Тәуелсіздігінің, халық бірлігінің және орнықты дамуының символы ретінде Республиканың Тәуелсіздік күнінің ерекше маңыздылығын атап өтіп, ветеринариялық қызмет қызметкерлерінің азық-түлік қауіпсіздігін, эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге және өңірдің дамуына қосқан үлесін атап өтті. Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және ветеринария саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер құрмет грамоталарымен марапатталды. Іс-шара соңында басқарма басшысы баршаға зор денсаулық, амандық, кәсіби қызметінде табыс және Қазақстан Республикасының игілігі үшін одан әрі жемісті жұмыс тіледі.