
Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары!
Сіздерді барша мұсылман қауымының тамаша мейрамы – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қасиетті Рамазан айында күллі мұсылман қауымы исламның бес парызының бірі – ораза ұстап, Аллаға құлшылық етіп, дұға жасап, табиғаттың сансыз нығметтерінің қадірін терең сезінеді. Ораза айт – осы қасиетті айдың аяқталғанын білдіретін, халқымыз үшін игі істер мен жақсылықтардың бастауы болатын ерекше мейрам.
Адамзатты игі амалдарға, мейірім мен қайырымдылыққа, парасат пен сабырлыққа үндейтін қасиетті Рамазан айында жасаған барлық ізгі тілектеріміз қабыл болсын!
Қасиетті Ораза айт мерекесі әр шаңыраққа береке, бірлік пен молшылық әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырларымыз бүтін болсын! Тәуелсіз еліміздің көк Туы әрдайым биікте желбіреп, ұрпақтарымызды асқақ армандар мен биік мұраттарға жетелесін.
Бурабай аудандық мәслихат төрағасы М.Нұрпанова