
АнонсАяқталды
2026 жылғы 31 наурыздан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастайды. Осыған байланысты бизнес-қоғамдастық өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды және барлық мүдделі азаматтарды аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз.
Сіздердің ұсыныстарыңызды келесі бағыттар бойынша күтеміз: мемлекеттік кірістер органдарының (салық және кеден қызметтері) қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сондай-ақ департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі тәуекелдерді айқындау.
Ұсыныстар 2026 жылғы 15 сәуіріне дейін [email protected] электрондық поштасы немесе 8727-2700734 қызметтік телефоны арқылы қабылданады.
Сіздің үлесіңіз мемлекеттік кірістер органдары жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді!