Құрметті қызмет көрсетушілер!

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    Осы арқылы 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет көрсетушілер тізбесіне енгізу үшін жаңа өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз. Бұл шектеу жаңа филиалдар ашуды жоспарлап отырған, қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған қызмет көрсетушілердің өтініштеріне де толық көлемде қолданылатынына ерекше назар аударамыз.

    Бұл шара қызмет көрсетушілердің өзекті тізбесін қалыптастыру және бекіту қажеттілігіне байланысты қабылданып отыр. Қабылдауды тоқтата тұру кезеңінде жұмыс тобы бұрын түскен өтініштер бойынша қажетті сараптамалық рәсімдерді жүргізетін болады. Сонымен қатар, бекітілген Алгоритмге сәйкес жұмыс істеп тұрған қызмет көрсетушілерге жоспарлы мониторинг жүргізіледі.

    Өтініштерді қабылдаудың қайта басталу күні туралы қосымша хабарланатын болады.

    Түсіністік танытқандарыңызға және қосымша білім беру саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!

    Дополнительное образование

    Ұқсас материалдар

    ОбъявлениеАяқталды

    Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

    Балаларға арналған қосымша білім беру бойынша Бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (БМТ) орналастырудың пилоттық жобасы аясында әмбебап ваучерді алу Қарағанды облысында oqu.edu.kz платформасы арқылы жүзеге асырылады. Қарағанды облысында тұрақты немесе уақытша тіркеуі бар 4 жастан 18 жасқа дейінгі барлық балалардың ата-аналары ваучер алу үшін кезекке тұра алады. Кезекке тұру үшін: 1. «OQU» ақпараттық жүйесіне кіріңіз (https://oqu.edu.kz). 2. ЖСН енгізіп және SMS растау арқылы тіркеліңіз. SMS растау ата-анаға да, әр балаға да жеке-жеке қажет. 3. «Менің өтінімдерім» бөлімінде өтінім беріңіз. 4. Ваучерлер кезек тәртібімен беріледі. Ваучер берілгенін күтіңіз. Кезекті мына жерден көре аласыз: https://oqu.edu.kz/kz/krg/queue 5. Ваучер берілгеннен кейін сізге хабарлама келеді. 2 жұмыс күні ішінде оның қолданылуына келісіміңізді растауыңыз қажет. 6. Келісімді растаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүйеден бос орындары бар үйірме/секцияны таңдап, құжаттарды жолдап, қосымша білім беру ұйымының растауын күтіп, сол ұйыммен шарт жасасуыңыз қажет. Шартқа қол қою үшін eGov mobile немесе ЭЦҚ-кілт қажет. Бейненұсқаулықтар: 1. Тіркелу бойынша – https://youtu.be/B4pQWkMWIjk 2. Ұйымда оқуға түсу бойынша – https://youtu.be/z-D_ajVDVtk Кезекте тұрып жатқан ата-аналарға да платформада тіркелу қажет. Кезектің қозғалысын «Менің өтінімдерім» бөлімінен көре аласыз. Мемлекеттік тапсырыс аясында үйірме мен секцияларға барып жүрген балалардың ата-аналарына да табельді растау үшін платформада тіркелуі қажет. Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар: https://oqu.edu.kz/kz/krg/faq Техникалық сұрақтар бойынша oqu.edu.kz сайтында көрсетілген Байланыс орталығының қызметіне хабарласа аласыз. https://oqu.edu.kz/kz/krg

    ОбъявлениеАяқталды

    Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру туралы хабарландыру

    «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесін құру және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтынын хабарлайды. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымдарын дамытудың басым бағыттарын келісу үшін, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау жасау, ішкі тәртіптің жарғысы мен ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар, білім беру ұйымдарын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар енгізуге, жетім балалар мен балаларды орналастыру мәселелері жөніндегі жүйені жетілдіруге, білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлеп, білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, бағыттарды, нысандарды таңдау бойынша оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану мөлшері мен тәртібін айқындайды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және т.б. сатып алу процесіне мониторинг жүргізеді. Шақырылады: жергілікті өкілді, мемлекеттік, атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір-бір ата-анасынан немесе заңды өкілінен, қайырымдылық жасаушылар. қорғаншы және қамқоршы органдардың өкілдері, үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері, қоғамдық кеңестің өкілі, тәрбиеленушілердің өзін-өзі басқару органдарының өкілдері. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік ережелері мен білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2017 жылы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (ҚР Оқу ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 жылғы № 56 бұйрығымен өзгерістер енгізілген). Ұсыныстарды қабылдаудың аяқтау мерзімі: 2025 жылғы 20 қазан. Ұсыныстар «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ кеңсесіне келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қ., Әлиханов көшесі, 19. Байланыс телефоны: 410649 Электронды мекен-жай: [email protected]

    ОбъявлениеАяқталды

    Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруына конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруына конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ Конкурс мәні: Жергілікті бюджет қаражатынан 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы. Конкурс ұйымдастырушысы: Қарағанды облысының әкімдігі Қарағанды облысының білім беру басқармасы Пошталық мекенжайы: 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 19, 4-кабинет Байланыс телефондары: 8(7212) 41-22-42, 8702-136-27-36 Конкурс туралы ақпарат: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына білім бағдарламалары тобы бойынша әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қатысады. Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық тапсырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары ЖАО-ларға электрондық форматта мынадай құжаттарды: 1) Қағидалардағы 17-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының өтінімін; 2) Қағидалардағы 9-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының сауалнамасын; 3) Қағидалардағы 10, 11 қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім береді. *Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының қосымшаларына сәйкес (2021 жылғы 8 шiлдедегі № 321 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен). Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады. Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей ЖАО-ға жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Конкурстық өтінімді және ақпараттық карталарды [email protected] электронды мекен жайға сағат 16.00-ға дейін жіберу қажет. Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады. Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 06-09 тамыз аралығында сағат 16.00-ға дейін.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.