
ДругоеАяқталды
Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша халыққа арналған ЖАДЫНАМА
Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында келесі сақтық шараларын сақтау ұсынылады:
- Ішуге және тамақ дайындауға тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану;
- Су басқан аймақтардағы бұлақ, құдық және ұңғымалардың суын пайдаланбау;
- Бөтелкедегі ауыз судың қорын жасап, оны қақпағы тығыз жабылған, кеміргіштер жетпейтін ыдыстарда сақтау;
- Азық-түлік қорын қамтамасыз ету. Су тасқыны суына ұшыраған өнімдерді пайдаланбау. Өнімдердің жарамдылық мерзіміне назар аударып, оларды ылғал мен кеміргіштерден қорғалған жерде сақтау;
- Шикі түрде тұтынылатын көкөністер мен жемістерді мұқият жуып, кейін қайнаған сумен шаю;
- Жеке гигиена ережелерін сақтау: тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуеннен кейін, сондай-ақ тамақ дайындаудың алдында және кейін қолды сабынмен жуу;
- Жұқпалы ауру белгілері (дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу, іш өту, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.) пайда болған жағдайда дереу медицина қызметкеріне жүгіну;
- Медициналық тексерулер кезінде шағымдарды жасырмай, аурудың барлық белгілері туралы медицина қызметкерлеріне дер кезінде хабарлау;
- Үй маңындағы аумақты қоқыстан тазарту;
- Кеміргіштерді жою бойынша шаралар ұйымдастыру;
- Су тасқыны қайтқаннан кейін үй-жайларды дезинфекциялық құралдарды пайдаланып залалсыздандыру.
ПРОФИЛАКТИКА ЧРЕЗВЫЧАЙНЫХ СИТУАЦИЙ И ПРАВОПОРЯДОК