Astana Eurasian Book Fair 2026

    Орган
    mfa-bratislava
    Орны
    Астана
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Astana Eurasian Book Fair 2026
    ВыставкаАяқталды

    Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    «Astana Eurasian Book Fair-2026» кітап көрме-жәрмеңкесін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр.

    «Astana Eurasian Book Fair-2026» көрмесіне 80-ге жуық кітап шығару, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компания қатысады. Соның тең жартысы қазақстандық ұйымдар болса, Қазақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Испания, Қытай, Иран, Беларусь, Португалия, Венесуэла, Ұлыбритания елдерінен 40 компания қатысқалы отыр.

    «Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесі бес күндік мәдени-іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, авторлармен кездесу, автограф-сессиялар, балалар алаңында арнайы шеберлік сағаттары өткізіледі.

    Атап айтқанда, Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Түрік асханасы» кітабының, Бекарыс Шойбековтің «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» айтыстар жинағының, Маржан Ершудің «Жалғыз қол» поэмасының, «Замандастар» сериясымен шыққан «Елдос Сметов. Төзім. Сенім. Жеңіс» кітабының, Ерлан Қожабаевтың «Қазақ оюлары» фотоальбомының, Анжей Сапковскийдің «Мыстангер» фантастикалық шығармасының, Ұларбек Дәлейдің «Бату хан» тарихи романының, Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке», испан жазушысы Хавьер Мороның «Үміт сапары», Эрнест Хемингуэйдің «Қоңырау кімді жоқтайды», Әзербайжан ақыны Рәсмия Сабирдің «Өлең-әйел», Байыт Қабанұлының «Моңғол-өлең» кітабының, Нұрсұлтан Мықтыбайдың «Ақ Жайықтың көз жасы», сондай-ақ «Түркістан – мәңгілік әрі әрдайым жаңа» және «Димаш Құдайберген. Шексіз музыка» атты кітап-альбомдарының таныстырылымы өтеді деп жоспарланып отыр.

    23 сәуірде Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған республикалық «Ұлттық кітап» байқауының нәтижесі бойынша жеңімпаз баспаларды марапаттау рәсіміне арналған салтанатты шара өтеді.

    Көрменің салтанатты ашылу рәсімі 22 сәуір күні сағат 11:00-де өтеді. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер мен шетелдік елшілер қатысады.

    Ұқсас материалдар

    ФорумЖақында

    Astana Finance Days 2026

    2026 жылғы 9-10 қыркүйекте Астанада "Astana Finance Days (AFD) 2026: Delivering Impact. Capital in Action" форумы өтеді. Форум банкирлерді, брокерлерді, инвесторларды, қаржы және технологиялық секторлардың, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік институттардың өкілдерін қоса алғанда, нарықтың кәсіби қатысушыларын біріктіреді. 2018 жылы алғаш өткізілген сәттен бастап Astana Finance Days өзін инвестициялар тарту, капитал нарықтарын нығайту және Қазақстанда жаңа бизнес-мүмкіндіктерді қалыптастыру үшін қаржы индустриясы көшбасшыларын бір алаңға жинайтын Еуразия аймағының негізгі қаржы форумы ретінде танытты. Форумға қатысушылар әрдайым оның практикалық құндылығын атап көрсетіп келеді: алаң жаңа жобаларға, мәмілелерге және ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктерге айналатын өзара іс-қимылды жолға қоюға мүмкіндік береді. Мұнда бизнес өзіне серіктестер таба алады, қаржылық күн тәртібіндегі мәселелер шешіледі, ал қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. 2025 жылы форум әлемнің 82 елінен 5 500-ден астам қатысушыны, соның ішінде жиынтық көлемі $1,5 трлн құрайтын активтерді басқарушыларды жинады. Бағдарлама 160 спикерді, 40-тан астам іскерлік іс-шараны, Astana International Exchange биржасындағы төрт жаңа листингті және жеті келісімге қол қоюды қамтыды. AFD 2025 спикерлерінің қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, қазақстандық және халықаралық банктер мен инвестициялық компаниялардың топ-менеджерлері, активтерді басқарушылар, реттеушілер, финтех-кәсіпкерлер және жаһандық қаржы нарығының пікір көшбасшылары, соның ішінде танымал футуролог, кәсіпкер және әлемдік бестселлерлердің авторы Бретт Кинг болды. AFD 2026 бұл динамиканы практикалық шешімдерді әзірлеуге бағытталған терең талқылау форматында жалғастырады. Форум қатысушыларына жаһандық үрдістерді талдау, жаңа бизнес пен инвестициялық бағыттарды іздеу, қаржылық қызметтердің кәсіби көрмесін тамашалау, сондай-ақ инвесторлармен, топ-менеджерлермен және сала көшбасшыларымен іскерлік байланыстар орнату үшін мүмкіндіктер ашылады. AFD 2026 басты тақырыптарының қатарында – капитал нарықтары және инвестициялық өнімдер; сенім инфрақұрылымы: реттеу, құқықтық орта және нарықтардың тұрақтылығы; институционалдық ауқымдағы инновациялар; экономиканың нақты секторын қаржыландыру; капитал нарықтарындағы өңірлік және трансшекаралық ынтымақтастық. АХҚО экожүйесінің мүмкіндіктері мен артықшылықтарына жеке назар аударылмақ. Форум аясында компаниялардың өсу тарихынан бастап капиталды табысты тартуға және халықаралық нарықтарға шығуға дейінгі Орталықтың юрисдикциясында бизнесті дамыту кейстері ұсынылатын болады. Форумның тағы бір маңызды тұсы AFD Exhibition болады – бұл қатысушылар өз шешімдері мен жұмыс нәтижелерін көрсететін көрме платформасы. Компаниялар үшін бұл нарықтағы позицияны нығайту және стратегиялық серіктестермен тікелей байланыс орнату мүмкіндігі. Форум дәстүрлі түрде серіктестер мен демеушілердің қолдауы арқасында өткізіледі. 2025 жылы Freedom Broker, Solidcore Resources, ITS, MYD Production, LMAX Group, Teniz Capital Investment Banking, Allur, Binance, Mastercard және т.б. серіктестердің рөлін атқарған еді. AFD 2026-ға демеушілер ретінде қатысуға нарықтағы позицияларды нығайтуды және қаржы саласының көшбасшыларымен стратегиялық серіктестіктер құруын көздейтін компаниялар шақырылады. Сондай-ақ компанияларды AFD Exhibition-ге қатысуға шақырамыз. Қатысушыларды тіркеу және іс-шараның егжей-тегжейлі бағдарламасы форумның astanafindays.org ресми сайтында қолжетімді болады. Форумға қатысты жалпы сұрақтар бойынша [email protected], серіктестік мәселелері бойынша [email protected] электронды мекенжайға хабарласыңыздар.

    9 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Астанаmfa-bratislava
    СаммитАяқталды

    Өңірлік Экологиялық Саммит – 2026

    БҰҰ-мен әріптестікте өтетін Өңірлік Экологиялық Саммит – 2026 (ӨЭС 2026) — Орталық Азия елдерін климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсеруге арналған өңірлік тәсілді айқындайтын, келісілген әрі іске асатын шешімдер мен тетіктерді бірлесе әзірлеу үшін біріктіретін платформа. Саммит күн тәртібіне табиғи деградацияның жаһандық символына айналған Арал теңізі трагедиясы, сондай-ақ Каспий теңізі деңгейінің тұрақты төмендеуі сияқты өңір үшін аса өзекті мәселелер енгізіледі. Ерекше назар Орталық Азияның «жасыл» қаржыландыруға нақты қажеттіліктерін қалыптастыруға аударылады: бұл қаржы бейімделу шараларын қолдауға, төмен көміртекті технологияларды дамытуға және өңірдің экологиялық төзімділігін күшейтуге бағытталады. Саммит мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, ғылым және бизнес қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, диалог пен өңірлік ынтымақ үшін ортақ алаң құрады. Ол басым экологиялық проблемалар жөніндегі хабардарлықты арттыруға, практикалық шешімдерді табуға және өңірдің орнықты дамуына бағытталған болашаққа арналған бірлескен іс-қимыл жоспарларын қалыптастыруға ықпал етеді. Саммиттің түпкі мақсаты – ортақ әрекетке арналған нақты бастамалар мен тетіктерді қалыптастыру, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының экология және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен декларациясын қабылдау және БҰҰ агенттіктерімен бірлескен 2026-2030 жылдарға арналған Орталық Азияның орнықты болашағына бағытталған Өңірлік іс-қимыл бағдарламасын бекіту; бұл бағдарлама Саммиттің тақырыптық бағыттары бойынша өңірлік бастамаларды, сондай-ақ жаңа экологиялық жобалар мен бастамаларды іске қосуды қамтиды.

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    г. Астанаmfa-bratislava
    Круглый столАяқталды

    Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел – 2025

    KGIR-2025 — 2017 жылдан бері елдің Премьер-Министрінің жетекшілігімен жыл сайын өткізіліп келе жатқан Қазақстан Республикасының негізгі инвестициялық іс-шарасы. Осы уақыт ішінде форум мемлекет пен халықаралық инвестициялық қауымдастық арасындағы диалогқа арналған беделді алаң ретінде танылып, үкімет өкілдерін, бизнес көшбасшыларын, халықаралық ұйымдар мен даму институттарын біріктіріп келеді. KGIR-2025-тің негізгі тақырыбы — «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан – тұрақты экономикалық дамудың орталығы» . Қатысушылар жаһандық сын-қатерлер мен инвестициялық мүмкіндіктерді, болашақ тұрақты экономикаларды қалыптастырудағы Қазақстанның рөлін, инфрақұрылым, өнеркәсіп, энергетика, технологиялар және жасыл экономиканың дамуын талқылайды. Форум тәжірибе алмасуға, жобаларды таныстыруға және Қазақстанның дамуы және инновациялардың өңірлік хабы ретіндегі рөлін нығайтатын шешімдер қабылдауға арналған алаңға айналады. Биыл KGIR 40 елден 700-ден астам қатысушыны жинайды. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды өкілдері, трансұлттық корпорациялардың басшылары, ірі инвесторлар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, іскерлік қауымдастықтар және БАҚ өкілдері бар. Қатысушылардың қатарында дәстүрлі түрде компаниялардың бірінші басшылары, инвестициялық және стратегиялық бөлімшелердің жетекшілері, серіктестер мен бизнес дамытудың жетекші мамандары күтілуде. Форум аясында панельдік сессиялар, үздік компанияларды марапаттау рәсімі, екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ B2B және B2G форматтарында кездесулер өткізу жоспарланған. Қатысушыларды тіркеу сілтеме бойынша қолжетімді: www.kgir.kz

    31 қазан 2025 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Astana Think Tank Forum 2025

    Жаһандық поляризациядан серіктестікке өту жолдарын іздеу және халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі қазақстандық және шетелдік пікір көшбасшыларын, саясаткерлерді, жетекші «ақыл-ой орталықтардың» басшыларын Astana Think Tank Forum 2025 аясында біріктіреді. Форум 2025 жылғы 15–16 қазанда Қазақстан елордасында өтеді. Бұл Астана халықаралық форумы (AIF) аясында өткізіліп отырған және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) ұйымдастыратын сараптамалық орталықтардың екінші форумы. Өткен жылы ауқымды шараға 22 елден 45 сарапшы қатысты. Осы уақыт ішінде Astana Think Tank Forum халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылаудың беделді жаһандық сараптамалық алаңына айналды. Тоғыз сессия аясында тиянақты талқылау үшін жетекші державалардың бәсекелестігі жағдайындағы көпжақты ынтымақтастықтың келешегі, қауіпсіздік архитектурасының трансформациясы және ядролық қарусыздану мен таратпау мәселелері, жаңа геосаяси жағдайда Орталық Азияның орны және Ауғанстан факторы, жаһандық нарықтардың фрагментациясы кезеңіндегі инвестициялар, Еуразиядағы сауда-көлік дәліздерінің дамуы, жасанды интеллект және оған қатысты этикалық мәселелер, климаттың өзгеруі мен су ресурстарына қатысты проблемалардың демографиялық үдерістер мен көші-қонға ықпалы секілді маңызды тақырыптар алынды. Astana Think Tank Forum зерттеушілер, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, үкіметтер мен іскер топтар арасында ашық және сындарлы диалогты дамытуға бағытталған. Форум міндеттеріне әлемде тұрақтылық пен сенімнің артуына ықпал ететін инклюзивті және ұзақ мерзімді ынтымақтастық форматтарын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қатынастардағы әріптестікті дамытуға үлес қосатын жауапты және белсенді «орта держава» ретіндегі позициясын нығайту кіреді. Форум туралы ақпаратты AIF – astanainternationalforum.org сайтынан табасыз.

    15 қазан 2025 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІІІ съезі

    2025 жылдың 17-18 қыркүйекте Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің сегізінші жиналысы өтеді. VIII Съездің пленарлық отырысы «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбына арналады. Панельдік сессиялар «ХХІ ғасырда адамзатты ортақ мүддеге ұйыстырудағы діндердің рөлі», «Дін әлемнің орнықты дамуының факторы», «Цифрлық даму және жасанды интеллект дәуіріндегі рухани құндылықтар», «Сенім экстремизмге қарсы: діндердің бітімгершілік әлеуеті» тақырыптарындағы өзекті мәселелерді қамтиды. VIII Съез аясында бірнеше өзге де отырыстар өткізілуі жоспарлануда. Мәселен, Съез серіктесі БҰҰ Өркениеттер Альянсымен бірлесіп жаһандық өзекті тақырыпқа арналған – Діни объектілерді қорғау жөніндегі арнайы сессия өткізетін болады. VIII Съез аясында Жас діни лидерлер форумы «Жастар бейбіт қатар өмір сүру үшін: болашақ жолындағы синергия» тақырыбымен кезекті екінші отырысының жұмысы де өтетін болады. VIII Съездің пленарлық, секциялық отырыстары және Съез аясында өткізілетін барлық іс-шаралардағы мәселелер тақырыбы бүгінде халықаралық қоғамдастық алдында тұрған іргелі мәселелерді шешу мен діни көшбасшылардың күш-жігерін біріктіру бағытын талқылауға арналады. Алдағы дінаралық форумның проблематикасы сындарлы және мазмұнды пікірталас құруға, жаңа идеяларды тұжырымдауға ықпал етеді. Оның нәтижелері әлемдік мәдениеттер мен діндердің жақындастыру үрдісіне игі ықпал етуге арналған.

    16 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    Астанаmfa-bratislava
    Международный форумАяқталды

    Астана халықаралық форумы 2025

    2024 жылғы 13-14 маусымда Қазақстанның астанасында Астана халықаралық форумы (AIF) өтеді. Форумды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашады. Астана халықаралық форумы – Орталық Азия аймағындағы ең ірі іс-шара, ол халықаралық күн тәртібіндегі негізгі және өзекті мәселелер бойынша шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, ірі компаниялардың, іскерлік және академиялық қауымдастықтың жоғары лауазымды делегаттары арасындағы диалог үшін жаһандық алаң болып табылады: сыртқы саясат, экономика және қаржы, қауіпсіздік, тұрақты даму, энергетика және климат. Форум туралы толық ақпаратты және оған қатысу мүмкіндіктерін ресми сайттан алуға болады: https://www.astanainternationalforum.org/

    29 мамыр 2025 ж.Тікелей
    Астана, Конгресс-центрmfa-bratislava
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.