
Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.

Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.
2023 жылғы 31 мамыр күні Департамент басшысы Ғ. Дәулетова білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау барысында 2022-2023 оқу жылының қорытындысымен үздік нәтиже көрсеткен Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының «Дипломын» табыстады. Оқу жылының қорытындысымен №10 мектеп-лицей мемлекеттік аттестаттаудан өту барысында жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келді. Мемлекеттік аттестаттау барысындағы кешенді тестілеуге 97% оқушы қатысып, оң нәтижелі бағаны 80% оқушы алды. Мектеп типтік негізде, ғимараты күрделі жөндеуден өткізілген. 174 педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген, оның ішінде 169 жоғары білімді. Мектепте 46 - педагог-зерттеуші, 45 - педагог сарапшы жұмыс атқарады. Мектеп білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келеді.
Педагогтердің әдеп нормалары, әлеуметтік желілердегі педагогтердің мәдениеті, білім беру ұйымдарындағы моральдік -психологиялық ахуал, педагогтердің өз міндеттерін дұрыс орындамауы сияқты мәселелер әлі де өзекті болып отыр. Осы мәселелерга қатысты арыз-шағымдар Министрлік пен Департаментке түсуде. Бүгін Қызылорда облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді. Отырыста Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданындағы білім беру ұйымына қатысты келіп түскен арыз қаралды. Отырысқа Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің жауапты қызметкері мен мектеп директоры мен оның орынбасары шақыртылды. Кеңес отырысында Кеңес мүшелері тарапынан мектеп басшысына сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды. Кеңес отырысының қорытындысымен қаралған мәселелерге қатысты білім басқару органдарына бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТАР! Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының нормаларын қолдану тәжірбиесі бойынша педагог қызметкерлердің пікірін зерделеу мақсатында педагогтер арасында анонимді және ерікті түрде онлайн-сауалнама жүргізілуде. Сауалнама тек қоғамдық, ақпараттық-талдамалық сипатқа ие. САУАЛНАМА ТОЛЫҚТАЙ ҚҰПИЯ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ • АТЫ-ЖӨНІҢІЗ БЕН ЖҰМЫС ОРНЫҢЫЗДЫ КӨРСЕТУ ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ • ТОЛТЫРУ УАҚЫТЫ 2 МИНУТТАН АСПАЙДЫ Сауалнама нәтижелері педагогтерді қолдау жөніндегі тиісті шараларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу және талдау жүргізу үшін жинақталған түрде пайдаланылатын болады. 🔗 Сауалнамаға қатысу үшін сілтемеге өтіңіз: 👉 https://forms.gle/vWRxUHPqGQ1gcAuo6 Қатысқаныңызға алғыс білдіреміз!