Хабарландыру

    Орны
    Акимат Кербулакского района
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Хабарландыру
    КеңесАяқталды

    Құрметті Сарыөзек ауылының тұрғындары!

    Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта Сарыөзек ауылы бойынша ауыз су құбырының 5-кезеңі жүргізілуде. Осыған орай, жаңа тартылған суға қосылу мәселесі бойынша ағымдағы жылдың 11 сәуір күні сағат 10:00-де аудандық әкімдігінің мәжіліс залында жиналыс өтеді.

    Жиналысқа аудан әкімі Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы, ТҮКШ бөлімінің басшысы Е.Қасенов, ШЖҚ «Күреңбел су» МКК директорының міндетін атқарушы С.Рамазанов, «Сапа құрылыс» ЖШС мердігер ұйымының өкілдері, Сарыөзек ауылдық округінің әкімі А.Баядилов қатысады.

    Сіздерге ыңғайлы болуы үшін, жиналыс сенбі күніне қойылып отыр. Сондықтан, қандай да бір сұрақтарыңыз болса қалмай келіп, қатысуларыңызды сұраймыз!


    Сарыөзек ауылдық округінің әкімдігі

    ЖКХ

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Кербұлақ ауданының әкімі Есболатов Қанат Болатұлының Сарыөзек ауылының тұрғындарымен кездесуі

    Құрметті Сарыөзек ауылының тұрғындары! 2025 жылдың 10 маусымынан бастап аудан әкімі Есболатов Қанат Болатұлының Сарыөзек ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесуі өтетінін хабарлаймыз. Кездесуге бөлім басшылары және Сарыөзек ауылдық округінің әкімі қатысады. Өтетін орны: 10.06.2025 жылы сағат 17:00-де ескі базардың алды. Бұл жиынға Мәдибекұлы, Мүсірепов, Тоқтаров, Байтұрсынов, Жансүгіров, Сарыбаев, Алтынемел, Ескелді би, Сәтпаев, Малайсары батыр, Жібек жолы көшелерінің тұрғындарын қатысуларын сұраймыз! Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, келіп сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Келіңіздер, қатысыңыздар! Сарыөзек ауылдық округінің әкімдігі

    10 маусым 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Кербұлақ ауданының әкімі Есболатов Қанат Болатұлының Сарыөзек ауылының тұрғындарымен кездесуі

    Құрметті Сарыөзек ауылының тұрғындары! 11.06.2025 жылы сағат 17:00-де аудан әкімі Есболатов Қанат Болатұлының, бөлім басшылары және Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Баядилов Асқар Оңғарұлының халықпен кездесуі өтеді. Өтетін орны: «Аннушка» дүкенінің алдындағы СЭС ғимаратының алды. Бұл жиынға Рысқұлов, Оразбеков, Әл-Фараби, Үркер, Жерүйық, Майлин көшелерінің тұрғындарын қатысуларын сұраймыз! Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, келіп сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Келіңіздер, қатысыңыздар! Сарыөзек ауылдық округінің әкімдігі

    10 маусым 2025 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.