«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Лисаков қалалық мәслихаты шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар қабылдауды жариялайды:
Лисаков қалалық сайлау комиссиясына;
№№7, 9 округтік сайлау комиссияларына;
№№ 111, 114, 116, 117, 118, 120, 122, 125 учаскелік сайлау комиссияларына.
Кандидатуралар бойынша ұсыныстарды саяси партиялар осы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде ұсынады.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда, ұсыныстарды басқа қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиялары енгізеді.
Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Лисаков қ., Мир көшесі, 31, №16 кабинет, телефон 8(71433)34381.