
Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.

Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.
БЖЗҚ» АҚ Жетісу облыстық филиалы (бұдан әрі — Филиал) Сізге 2026 жылғы 31 наурыздан бастап Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 149 мекенжайында орналасқан филиалдың өз қызметін тоқтататынын хабарлайды. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Салымшы (Алушыларға) қызмет көрсету Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 150 мекенжайы бойынша жүзеге асырылатын болады. Қор бөлімшелерінің өзекті тізімін www.enpf.kz ресми сайтындағы «Байланыс» бөлімінен, сондай-ақ БЖЗҚ call-орталығының 1418 қысқа нөмірі арқылы білуге болады.
Наурыз айындағы мереке күндерінде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы наурыз айындағы мереке күндеріне байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесін хабарлайды. 8 және 9 наурыз – барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді. Наурыз мерекесі: 21, 22, 23 және 24 наурыз – демалыс күндері. 25 наурыз – кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау: 09:00–13:00. Өзге жұмыс күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі кестеге сай жұмыс істейді. Кезекші бөлімшелердің өзекті тізімін: gov4c.kz сайтынан, Instagram парақшасынан, 📞 1414 нөмірі арқылы білуге болады.
17 наурыз – Шаңырақ күні Наурызнама онкүндігі аясында аталып өтетін Шаңырақ күні – отбасы бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын ұлықтайтын ерекше мереке. Қазақ халқы үшін шаңырақ – тек үйдің күмбезі ғана емес, ол – береке мен бірліктің, мейірім мен сыйластықтың киелі нышаны. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша шаңырақ әр отбасының татулығын, үлкенге құрмет пен кішіге қамқорлықты білдіреді. Сондықтан бұл күн – отбасылық құндылықтарды дәріптеп, ағайын-туыс пен жақын жандардың бір-біріне ізгі тілектерін арнайтын тағылымды күн. Осындай мәнді мереке халықты жақындастырып, шаңырақтың шайқалмай, берік болуын, әр үйде шаттық пен береке орнауын тілейді. Әр шаңыраққа амандық, бірлік пен мол бақыт тілейміз! ✨
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан бай мәдени мұрасын, ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын дәріптеуге арналған. Ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтар – ел бірлігінің, рухани тұтастығының негізі. Сондықтан бұл күні ұлттық киім кию, дәстүрлі тағамдар дайындау, ұлттық ойындар өткізу, салт-дәстүрлерді насихаттау сияқты түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады. Мәдениет пен салт-дәстүр – халықтың рухани қазынасы, ұлттың болмысын айқындайтын басты құндылық. Осындай тағылымды шаралар арқылы өскелең ұрпақ ата-бабасының өнегесін танып, ұлттық рухты бойына сіңіреді. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, салт-дәстүріміз әрдайым дәріптеле берсін!
Жетісулықтар арасында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік корпорацияның Жетісу облысы бойынша филиалы қандай Мемлекеттік қызметтер үшін ХҚКО-ға жиі жүгінетіндігімен бөлісті. Ең көп сұраныс жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ресімдеу, электрондық цифрлық қолтаңба алу, көлік құралдарын тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде байқалады. Мәселен, ағымдағы жылдың тоғыз айында облыста 77 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік берілген. Сондай-ақ, 62 мыңнан астам көлік тіркеліп, тұрғындар электрондық цифрлық қолтаңбаны 49 мыңнан астам рет алған. Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету бөлімдері, «ЦОН» мобильді қосымшасы немесе электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Сондай-ақ, облыс тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа ақылы сервисті пайдалана алады. Маман көрсетілген мекенжайға келісілген уақытта келеді. Бұл қызметті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында «Жеке менеджерді үйге шақыру» тармағын таңдап, қажетті ақпаратты толтыру қажет. Өтініштерді 1414 телефоны арқылы да беруге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері мәліметтерді растау және баруды жоспарлау үшін көрсетілетін қызметті алушымен байланысады. ХҚК бөлімдерінің қызметкерлері төлқұжаттарды, жеке куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және көлікті тіркеуден басқа барлық мемлекеттік қызметтерді көрсете алатынын атап өткен жөн. Ағымдағы жылдың 9 айында Мемлекеттік корпорацияның Жетісу облысы бойынша филиалы арқылы барлығы 368 179 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген.
25 Қазан — Республика күніне орай! Алакөл ауданында аудандық жүгіру марафоны және спорттық шаралар өтеді! Жарыс түрлері: •Жүгіру •Қол күрес •Гир көтеру •Арқан тарту Өтетін орны: Үшарал қаласының орталық алаңы Тіркелу уақыты: 25 қазан, сағат 10:00 📞 Байланыс телефоны: 8 707 140 9897 Барлық тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз!