Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ескелді аудандық мәслихатының VІIІ шақырылымдағы кезекті сессиясы 2026 жылдың 20 сәуір күні, сағат 15:00 шақырылады.
Сессияның өтетін жері: Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі, 67, аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Күн тәртібі:
1) Ескелді ауданының және ауылдық округтерінің 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін қарап бекіту.
2) Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші органның 2025 жылы атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы есебін тыңдау.
3) Ескелді аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы «Ескелді ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 55-160 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4) Басқа да мәселелер.