Ресейге жұмыс істеу немесе оқу мақсатында келетін қазақстандықтардың назарына!

    Орган
    mfa-omsk
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресей Федерациясының аумағына жұмыс істеу немесе оқу мақсатында келетін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін «Госуслуги RuID» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті болып табылады. Шетелдік азаматтар «RuID» қосымшасында дербес профиль жасауға және шекарадан өту жоспарланған уақытқа дейін 72 сағаттан кешіктірмей Ресей Федерациясына келу туралы электрондық өтініш беруге міндетті. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша қосымшада келу құқығын растайтын дербес QR-код қалыптастырылады.

    Алынған QR-код өтініш берілген сәттен бастап 90 күн бойы жарамды болады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.