
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабына сәйкес, 2026 жылдың 20 сәуірінде Көксу ауданы мәслихатының мәжіліс залында, Көксу ауданы мәслихатының VIII шақырылған кезектен тыс LIV сессиясы өткізіледі.
Көксу ауданы мәслихатының кезектен тыс LIV сессиясының
КҮН ТӘРТІБІ
Балпық би ауылы 2026 жылғы 20 сәуір
сағат:12-00
1. Көксу ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «Көксу ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» №52-205 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Көксу ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды 2026 жылға көрсету туралы
3. Көксу ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «Көксу ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» №52-206 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылғы 3 шілдедегі «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзгеде көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссиясын құру туралы» № 27-115 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5. Көксу ауданының әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
6. Өзге де сұрақтар.