"Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің 2025жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметінің негізгі бағыттары:
- Мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету
- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: "Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, пошталық мекенжайы: 040418, Балтабай ауылы, Қонаев көшесі 55 а, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы.
2025жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты 2025 жылы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес
Балтабай ауылдық округі әкімінің аппаратында 2025 жылы 6 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,
- жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату,
- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу,
- жер учаскесін алуға кезекке қою,
- кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру,
- жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
– Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 205, оның ішінде
- жер учаскесін алуға кезекке қою – 163
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 0
- жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату - 0
- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу - 34.
- кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 3.
- жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту – 5.
Тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - ақылы негізде - жоқ
2025 жылы Балтабай ауылдық округінің ММ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында 553 электрондық қызмет көрсетілді.
Қызмет алушылармен жұмыс
Округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар 3 стенд ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында округте мемлекеттік қызметті электронды түрде алу тәртібі туралы оқыту бейнероликтерін көрсету және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметті алуға құқықтары мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі туралы кітапшалар тарату арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, бақылау камералары орнатылған.
2025 жылдың кезеңінде "Еңбекшіқазақ" газетінде, аудан әкімінің веб-сайтында және әлеуметтік желілерде ауылдық округ әкімдігі халық үшін мемлекеттік қызметтерді алуды және Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылығын түсіндіру бойынша - 16 мақала, мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы түсіндіру бойынша 3 семинар, egov mobail презентация - 2, дөңгелек үстел - 1, жәрмеңке – 2, орналастырды, нақты қызметтерді алу бойынша бейнеролик - 2, инфографика - 4 жасалды.
"Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мамандары 2025 жылы "Азаматтарға арналған электрондық үкімет" Egov арқылы, үшінші тұлғалардың электрондық анықтамаларды алу бойынша тегін сервисі арқылы, қызмет алушылар күні - 2 жүргізілді, яғни ХҚКО-ға бармай және ЭЦҚ-ны пайдаланбай, сондай-ақ месенджердегі сервис арқылы, Telegram EgovKzBot, әкімдікте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы электрондық қызметтерді алу мүмкіндігі туралы.
2025 жылдың сәуір айында аудан әкімінің веб-сайтында "Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің 2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп орналастырылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:
2025 жыл кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Балтабай ауылдық округінің әкімі: С. Алипова