«Іңкәрдария ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Іңкәрдария ауылдық клуб үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізеді.
Талдау барысында Кәсіпорынмен аталған саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттары және басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша зерделенеді.
Талдау «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 04-31 мамыр күндері аралығында жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
Осыған орай, "Іңкәрдария ауылдық клуб үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылы, Қ.Сейдахметов көшесі №24 мекен-жайында орналасқан "Іңкәрдария ауылдық клуб үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 8(72436)24438 нөмірі арқылы және [email protected] электронды мекен жайына хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.