«Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі

    Орган
    mfa-dushanbe
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі
    ФестивальАяқталды

    Өтетін күні: 2 мамыр, 2026 жыл

    Өтетін орны: Сарқан ауданы, Тополевка ауылы,

    «Жоңғар-Алатау» МҰТП

    2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысында көктемнің ең әсерлі табиғи оқиғаларының бірі – «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді. Бұл – сирек кездесетін ерекше табиғи құбылысқа арналған маңызды шара.

    Іс-шара «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, Сарқан ауданы Тополевка ауылының көркем маңында ұйымдастырылады. Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ: дәл осы жерде жер шарындағы Сиверс жабайы алмасының ең ірі тоғайлары орналасқан. Ол – жер бетіндегі барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі. Ғалымдардың бағалауынша, осы бірегей алманың әлемдік табиғи қорының шамамен 48%-ы Жетісу өңірінде шоғырланған.

    Жылына бір-ақ рет, көктемнің бірнеше аптасы ішінде тау беткейлері нәзік ақ және қызғылт гүлге оранып, алқаптарды нағыз көркем табиғи көрініске айналдырады. Осы кезеңде мыңдаған туристер, фотографтар мен саяхатшылар өңірге келіп, сирек табиғи құбылысты тамашалап, оның тарихымен танысып, фестиваль атмосферасын сезінеді.

    Фестиваль туризм саласының өкілдерін, экологтарды, ғалымдарды, БАҚ өкілдерін, тревел-блогерлерді, қолөнершілерді, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ студенттер мен табиғат сүйер қауымды біріктіреді. Бұл шара экотуризмді дамытуға, табиғи мұраны сақтауға және өңірді халықаралық деңгейде танытуға арналған алаң болмақ.

    Іс-шара Қазақстанның республикалық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген, бұл оның маңыздылығы мен туристік тартымдылығын айқындайды.

    Биылғы фестиваль қонақтары үшін ерекше атмосфера ұсынылады. Хедлайнерлер – Bayansulu және Қуандық Рахым сахнаға шығып, гүлдеген таулар аясында жарқын концерттік бағдарлама ұсынады.

    Фестиваль бағдарламасы:

    • Сиверс алмасының гүлдеген бау-бақшаларының панорамалық көріністері;
    • Plein air форматындағы суретшілер байқауы;
    • Мәдени іс-шаралар;
    • Ұлттық спорт ойындары;
    • Қолөнер көрмелері және шеберлік сабақтары;
    • Концерттік және ойын-сауық бағдарламалар.

    «Сиверс алмасының гүлденуі» фестивалі – Қазақстанның ең әсем табиғи құбылыстарының бірін тамашалап, таулар мен таза ауа аясында өткізуге, ұлттық мәдениетпен жақынырақ танысуға және ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік береді.

    Жетісу сіздерді табиғаттың аңызына шақырады!

    Ұқсас материалдар

    ВыставкаАяқталды

    «Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме- жәрмеңкесі өтеді

    Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Astana Eurasian Book Fair-2026» кітап көрме-жәрмеңкесін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр. «Astana Eurasian Book Fair-2026» көрмесіне 80-ге жуық кітап шығару, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компания қатысады. Соның тең жартысы қазақстандық ұйымдар болса, Қазақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Испания, Қытай, Иран, Беларусь, Португалия, Венесуэла, Ұлыбритания елдерінен 40 компания қатысқалы отыр. «Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесі бес күндік мәдени- іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, авторлармен кездесу, автограф-сессиялар, балалар алаңында арнайы шеберлік сағаттары өткізіледі. Атап айтқанда, Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Түрік асханасы» кітабының, Бекарыс Шойбековтің «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» айтыстар жинағының, Маржан Ершудің «Жалғыз қол» поэмасының, «Замандастар» сериясымен шыққан «Елдос Сметов. Төзім. Сенім. Жеңіс» кітабының, Ерлан Қожабаевтың «Қазақ оюлары» фотоальбомының, Анжей Сапковскийдің «Мыстангер» фантастикалық шығармасының, Ұларбек Дәлейдің «Бату хан» тарихи романының, Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке», испан жазушысы Хавьер Мороның «Үміт сапары», Эрнест Хемингуэйдің «Қоңырау кімді жоқтайды», Әзербайжан ақыны Рәсмия Сабирдің «Өлең-әйел», Байыт Қабанұлының «Моңғол-өлең» кітабының, Нұрсұлтан Мықтыбайдың «Ақ Жайықтың көз жасы», сондай-ақ «Түркістан – мәңгілік әрі әрдайым жаңа» және «Димаш Құдайберген. Шексіз музыка» атты кітап-альбомдарының таныстырылымы өтеді деп жоспарланып отыр. 23 сәуірде Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған республикалық «Ұлттық кітап» байқауының нәтижесі бойынша жеңімпаз баспаларды марапаттау рәсіміне арналған салтанатты шара өтеді. Көрменің салтанатты ашылу рәсімі 22 сәуір күні сағат 11:00-де өтеді. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер мен шетелдік елшілер қатысады.

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Астана Халықаралық форумы Астанада 2025 жылдың 29-30 мамырында өтеді. #AIF2025

    Астана халықаралық форумы 2025 жылдың 29-30 мамырында #Астана қаласында өтетінін қуана хабарлаймыз. #AIF2025 We are thrilled to announce that the Astana International Forum 2025 edition will be hosted in #Astana on May 29-30. #AIF2025 🔗 https://www.astanainternationalforum.org 🔗https://astanainternationalforum.org/register @AstanaInternationalForum @AstanaIntlForum #AIF2025 #Kazakhstan #BornBold

    29 мамыр 2025 ж.Тікелей
    Республика Казахстан, город Астанаmfa-dushanbe
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.