
Ағымдағы жылдың 23–28 наурызы аралығында Шахтинск аумағында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және профилактикасын жүргізу, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды бақылау, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.