Жаңақорған ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 27 сәуірдегі №АСК-254 қаулысымен №15 «Әлшекей» округтік сайлау комиссиясының құрамынан (Жаңақорған кенті, Сығанақ көшесі №1, С.Сапарбеков атындағы №125 орта мектебінің ғимараты) 2 мүшесі өз міндеттерінен босатылған («Қазақстан Халық партиясы» және «АMANAT» саяси партияларының ұсыныстары бойынша сайланған).
Осыған орай, 2026 жылдың 14 мамырына дейін саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктерден аталған округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар енгізу туралы ұсыныстары (комиссия құрамында өкілі болмаған жағдайда) Жаңақорған ауданының мәслихатымен қабылданатының хабарлаймыз.
Ұсыныстар Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №33 үй, 107 бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефоны (872435) 22-606, қабылдау уақыты 900-ден 1900-ге дейін, түскі үзіліс 1300-1500 аралығы. Демалыс күндері - сенбі, жексенбі.