
Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстан Республикасындағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен этносаралық келісімді дәріптейтін мемлекеттік мереке. Ол жыл сайын 1 мамырда атап өтіледі және елдегі 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығын, татулығын бейнелейді.