
Жақында Балқаш көлінің жағалауы саяхаттауды, музыканы және белсенді демалысты сүйетін жандар үшін қайтадан тартымды мекенге айналады.
Фестиваль Балқаш көлінің жағалауындағы туристік әлеуетті ілгерілететін ауқымды алаңға айналып, еліміздің әр өңірінен қонақтарды жинайды.
Сіздерді күтеді:
- жанды музыка мен әртістердің өнер көрсетуі
- белсенді ойын-сауық пен судағы демалыс
- фуд-аймақтар мен жәрмеңкелер
- еркіндікке, жазға және шынайы демалысқа толы ерекше атмосфера
Балқаш жағалауында спорт, мәдениет, гастрономия және туризм тоғысып, ел ішінде саяхатқа жаңа көзқарас қалыптасары анық. Ашық суда жүзу, желкенді регата, ашық аспан астындағы концерттер мен кешкі шоу — әркім өз атмосферасын таба алады. Бұл жай фестиваль емес — аймақтарды біріктіріп, Қазақстанды қайта танып-білуге шабыт беретін ерекше кеңістік.
Balkhash Tour Fest — бұл жай ғана фестиваль емес, бұл Балқаштың сұлулығын қайта ашуға, сергіп, жақындарыңызбен ерекше атмосферада уақыт өткізуге мүмкіндік. Balkhash Tour Fest 2026 — Қазақстандағы ішкі туризмнің жаңа нүктесі! Мыңдаған қонақ, еркіндік энергиясы, ерекше табиғатымен есте қалатын күн болмақ!
Ұйымдастырушылар: ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі, Visit Karaganda, Balkhash Tour Fest.
Жаңалықтарды қадағалаңыз — жақын арада бағдарлама мен хедлайнерлер туралы бөлісеміз!