Ауданымыздың тұрғындары мен қонақтарын Сайран көлінің жағасында өтетін Қазақстан халқының бірлігі, көктем және еңбек күніне арналған мерекелік іс-шара күтеді. Достық пен татулық мерекесін бірге қарсы алайық!
Қайда: Сайран көлінің шығыс жағалауы Қашан: 1 мамыр, сағат 11:00
Бағдарламада: — Шығармашылық ұжымдардың концерті; — Спорттық және ойын-сауық шаралары; — Балаларға арналған ойын аймақтары мен көрмелер;
2026 жылғы 9 маусымда сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Алмалы ауданының әкімі Шамшин Арман Нұржановичтің халықпен кездесуі өтетінін хабарлаймыз. Өтетін орны: Алматы қаласы, «Ш. Смаханұлы атындағы №62 гимназия» КММ, Түркебаев көшесі, 4. Іс-шараға Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, прокуратура органдарының өкілдері, аудандық басқармалардың басшылары мен қызметкерлері қатысады. Халықтан өзекті және басым мәселелер бойынша ұсыныстарды қабылдау келесі телефондар арқылы жүзеге асырылады: 📞 313-31-08, 313-31-12, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы: Instagram: @akimat_almaly, Facebook: @akimatalmaly, Telegram: @almalyaudany. Баршаңызды қатысуға шақырамыз!
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сіздерді жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз! Күні: 2026 жылғы 25 сәуір Уақыты: сағат 09:00-ден бастап Бұл – қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлесіңізді қосып, азаматтық жауапкершілікті танытудың, сондай-ақ «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаттарын қолдаудың тамаша мүмкіндігі. Сенбілік өтетін орындар: Алмалы ауданында сенбілік өткізілетін орындар – Есентай өзенінің жағалауы (Қожамқұлов көшесі / Бөгенбай батыр көшесі қиылысы) Отбасыңызбен, достарыңызбен және әріптестеріңізбен бірге келіңіздер! Алматыны бірге таза, жайлы әрі жасыл қалаға айналдырайық!
Құрметті, Алматы қаласының тұрғындары, студенттер, өнерлі жандар! Сіздерді 18 сәуір сағат 17:00-20:00 аралығында өтетін қайырымдылық ашық микрофон кеңістігіне шақырамыз.🎤✨ Бұл — ән айтуға, өлең оқуға және әңгіме бөлісуге арналған еркін орта. Бастысы — еркіндік пен шынайылық. Жиналған барлық қаражат сәбилер үйіне қажет заттарды алуға бағытталады 🤍 Келіңіз де, қолдау көрсетіп, жүректегі жаңғырықты әлемге естіртіңіз!🎶 📍 Арбат, Жібек Жолы даңғылы,104а (сыртта) 📅 18 сәуір ⏰ 17:00–20:00
Құрметті алматылықтар! Алмалы ауданының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді көктем мен жаңарудың жарқын мерекесі — Наурыз мейрамын бірге қарсы алуға шақырамыз! 21 наурыз күні М.К. Ганди атындағы саябақ аумағында күтеміз. Біз сіздер үшін бұл күнді жарқын әрі әсерлі өткізуге арналған ауқымды концерттік бағдарлама мен серуендер дайындадық. Мерекелік бағдарламада: • 11:00 - 12:00 — DJ AKHMETOFF-пен бірге мерекелік көңіл күй сыйлаймыз • 12:00 - 16:00 — үлкен мерекелік концерт • Дәстүрлі тағамдар: Наурыз көже мен бауырсақтардан дәм тату • Бүкіл отбасыға арналған көңілді ұлттық спорттық ойындар Сіздер үшін өнер көрсетеді: • Аңызға айналған Роза Рымбаева • ALASHULY тобы • Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрі • Арнайы қонақ — ROBOT TEMIRBEK Отбасыңызбен, достарыңызбен және жақындарыңызбен бірге келіңіздер. Наурыз мейрамын бірге атап өтейік! Сіздерді асыға күтеміз!
Құрметті аудан тұрғындары ! 2026 жылғы 17 наурыз күні сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Алмалы ауданының әкімі Арман Нұржанұлы Шамшиннің тұрғындармен кездесуі өтеді. 📍 Өтетін орны: Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 210, №216 жалпы білім беретін мектеп. Іс-шараға Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, прокуратура органдарының өкілдері, сондай-ақ аудандық басқармалардың басшылары мен қызметкерлері қатысады. Халықтың өзекті және басым бағыттар бойынша ұсыныстары келесі телефон нөмірлері арқылы қабылданады: 📞 313-31-08, 313-31-12 Сонымен қатар ресми әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы: 📱 Instagram: @akimat_almaly 📘 Facebook: @akimatalmaly 💬 Telegram: @almalyaudany Баршаңызды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз!
Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары! Сіздерді Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы ең жарқын кешке шақырамыз! 18 желтоқсан күні, сағат 19:00-де Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында Алматы қаласының бас шыршасы жағылады. Кеш аясында сағат 19:00-ден 20:30-ға дейін көрермендерге арнап арнайы дайындалған ауқымды мерекелік шоу-бағдарлама ұсынылады. Мерекелік кештің сахнасында Қазақстан эстрадасының Роза Рымбаева, «ЖІГІТТЕР» тобы, Әли Оқапов, «KешYOU» тобы, Балжан Бидаш, Мәди Рымбаев, «ASTRA» тобы, Kodi сияқты танымал жұлдыздары өнер көрсетеді. Сонымен қатар, Абай алаңында кішкентай көрермендерді Аяз Ата мен Ақшақар, басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алып, керемет көңіл күй сыйлайды. Баршаңызды мерекелік атмосфераны бірге сезініп, Жаңа жылдық шырша шамын бірге жағуға шақырамыз!
Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары! 18 желтоқсан күні сағат 19:00-де Абай атындағы Опера және балет театрының алдында ауданның басты жаңа жылдық шыршасын салтанатты түрде жағу рәсімі өтеді. Қонақтарды нағыз қысқы ертегі күтеді: Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен сиқырлы кері санау, жарқын шоу-бағдарлама, балаларға арналған анимация және бүкіл отбасыға арналған мерекелік көңіл күй. Сахнада танымал өнерпаздар — Мұхтар Ханзада, «LIGHT Band» тобы, «Жігіттер» квартеті және басқа да әртістер өнер көрсетеді ⭐️🎶 Жаңа жылды бірге қарсы алуға келіңіздер — кеш жылы, жарық әрі шын мәнінде мерекелік болады 💫 Жаңа жыл мерекелері қарсаңындағы ең жарқын кешке сіздерді шақырамыз!
Құрметті аудан тұрғындары! 2025 жылғы 11 қараша күні сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Алмалы ауданының әкімі Арман Нұржанұлы Шамшиннің тұрғындармен кездесуі өтеді. 📍 Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 20, «№147 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Іс-шараға Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, прокуратура органдарының өкілдері, сондай-ақ аудандық басқармалардың басшылары мен қызметкерлері қатысады. Халықтың өзекті және басым бағыттар бойынша ұсыныстары келесі телефон нөмірлері арқылы қабылданады: 📞 313-31-08, 313-31-12 Сонымен қатар ресми әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы: 📱 Instagram: @akimat_almaly 📘 Facebook: @akimatalmaly 💬 Telegram: @almalyaudany Баршаңызды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз!