
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі
№11, №12 округтік сайлау комиссиясынаншығыпқалған комиссия
мүшелерінің орнына сайлау өткізу туралы
ХАБАРЛАМА
Жарияланды: 04.05.2026 ж.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты №11, №12 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссияларының құрамы бес мүшеден тұрады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 4 мамырдан бастап 19 мамырға дейін мәслихатқа құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихаттың https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kzo сайтында орналастырылған.
Округтік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Округтік сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Округтік сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Округтік сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 4 мамырдан бастап 19 мамырға дейінгі мерзім аралығында дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін. Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қаралмайды.
Мәслихаттың орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1 үй.
Жауапты адам – Искакова Әлия Бақдәулетқызы, каб. № 227, қалааралық телефон коды (87242), қызметтік 60-54-02, ұялы телефоны: 87780858181, электрондық пошта мекенжайы: [email protected].
Қызылорда облыстық мәслихаты
№ р/н |
Сайлау округінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясындағы бос орындардың саны |
Шығып қалған комиссия мүшесінің ұсынылған партия ұйымының және қоғамдық бірлестіктің атауы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
№11 |
Қызылорда қаласы, М.Көкенов көшесі, №2б, «Қызылорда облысының білім басқармасы Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің Ә.Молдағұлова атындағы № 173 орта мектебі» КММ ғимараты |
1 |
Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесі |
2 |
№12 |
Қызылорда қаласы, М.Жұмабаев көшесі, № 1, «Қызылорда облысының білім басқармасы Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің № 212 мектеп-гимназиясы» КММ ғимараты |
1 |
«Қазақстанның Халық Партиясы» қоғамдық бірлестігі» |