
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты (ЕҚРҒЗИ) және «ITECA» компаниясының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 28-30 сәуір аралығына белгіленген Астана қаласында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі XIV қазақстандық халықаралық конференциясы мен көрмесі – KIOSH 2026 өтті.
Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған ауқымды Конференцияға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов, APOSHO бас директоры және NSCA Foundation төрағасы Берни Дойл және халықаралық деңгейдегі сарапшылар мен спикерлер қатысты.
Жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелерін ашық диалог алаңында талқыланған Конференцияның жоспарындағы алғашқы күнінде «Жасанды интеллект: Қазақстан қауіпсіздіктің жаңа моделін қалыптастыруда» тақырыбындағы стратегиялық пленарлық сессиясы болды.
Оның аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев қатысушыларды еліміздегі еңбекті қорғау саласын цифрландырудың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларымен таныстырып өтті.
Стратегиялық сессия барысында сарапшылар өндірістегі қауіпсіздікті арттырудағы жасанды интеллекттің рөлін талқылап, тәуекелдерді ерте анықтау және өндірістік жарақаттануды жүйелі түрде төмендету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.