
«Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жалағаш аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жалағаш қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі.
«Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жалағаш қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы лауазымына кандидатураларды іріктеу кезінде мыналар негізгі талаптар болып табылады:
біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім:
Құқық, Құқықтану, Экономика, Менедждмент, Есеп және аудит, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг, Қаржы, Техникалық білім;
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
Қазақстан Республикасының Экология кодексі;
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан Республикасының Заңы;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі №112 шешімі.
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысын басқару, бағынысты қызметкерлердің жұмысына басшылық жасау;
Кәсіпорынның лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастырады;
Қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды;
Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
Өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған басшысы алдында жауапты.
«Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жалағаш қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, мекенжайы: индексі 120200, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Төле би көшесі №5, негізгі қызметі – елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, абаттандыру және көгалдандыру.
Конкурс өткізу күні мен орны: 2026 жылғы мамыр айы, мекенжайы: индексі 120200, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3 (2-қабат, «Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі), телефон: 8/72431/32615.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік кәсіпорындарға электрондық деректер базасына бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс)(бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау интернет-ресурстарда конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:
1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлға барлық талаптарға сәйкес келген кезде конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі мен Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әңгімелесу өткізу кестесі Комиссияның хаттамасымен бекітіледі және тізілімнің веб-порталында, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында Комиссия шешімі қабылдаған күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін орналастырылады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.