«Өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыз!»

    Орган
    uigur-kyrgyzsai
    Орны
    Уйгурский район, село Киргизсай
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыз!»
    ОбъявлениеАяқталды
    2026 жылғы 27 қаңтар күні Қырғызсай ауылдық округінде «Өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыз!» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы ұйымдастырылды.
    Аталған акцияға Жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы К. Мырзалиев және Ұйғыр ауданы АПБ-нің ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты С. Қасымханов қатысты.
    Акция барысында ауыл тұрғындары мен жастарға өрт қауіпсіздігін сақтау, тұрмыста және жылыту маусымында өрттің алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:
    •электр құралдарын қауіпсіз пайдалану;
    •пеш пен жылыту құрылғыларын дұрыс қолдану;
    •ашық отты абайсыз қолданбау;
    •балаларды өрт қауіпінен қорғау мәселелері айтылды.
    Сонымен қатар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған ақпараттық парақшалар таратылып, төтенше жағдай кезінде 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажеттігі ескертілді.#өртқауіпсіздігі #өртқауіпсіздігінсақтайық
    ОПОВЕЩЕНИЯ

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.