Алкогольсіз және энергетикалық сусындар өндірушілері мен дистрибьюторларының, сонымен қатар салалық қауымдастықтарымен дөңгелек үстел

    Орган
    kgd
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Алкогольсіз және энергетикалық сусындар өндірушілері мен дистрибьюторларының, сонымен қатар салалық қауымдастықтарымен дөңгелек үстел
    ОтырысАяқталды

    2026 жылғы 9 сәуірде МКК Төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметовтың төрағалығымен алкогольсіз және энергетикалық сусындар өндірушілері мен дистрибьюторларының, сонымен қатар салалық қауымдастықтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараның мақсаты – акциздердің толық әрі уақтылы төленуін қамтамасыз ету, өнімнің заңсыз айналымы деңгейін төмендету және нарықтың ашықтығын арттыру.

    Кездесу барысында өнімнің заңсыз айналымы, акциздік салық салу мәселелері және тауарлардың қадағалануын күшейтуге бағытталған ықтимал шаралар қаралды.

    Энергетикалық сусындар нарығы Қазақстан Республикасы аумағында жалпы қалыптасқан және тұрақты өсім көрсетіп отырғаны атап өтілді.

    Негізгі тұтыну кәмелетке толған аудиторияға тиесілі, сондай-ақ нарық қатысушылары қолданыстағы шектеулер мен заңнама талаптарын сақтауға мүдделі екенін білдірді.

    Өндірістің елеулі бөлігі Қазақстан аумағында шоғырланған, және бұл елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

    Қазақстандық кәсіпорындар өнімдерін Орталық Азия, Кавказ елдеріне және басқа да шетелдік нарықтарға экспорттайды.

    Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар нарықты реттеу және тауарлардың қадағалану тетіктерін жетілдіру бойынша әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

    Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық органдармен және мүдделі мемлекеттік құрылымдармен үйлестіру жұмыстарын күшейте отырып, акцизделетін өнімдердің айналымын бақылау тиімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырады.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Шығыс Қазақстан облысында Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының азаматтармен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтті

    2026 жылғы 15 маусымда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиевтің Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен ашық кездесуі өтті. Іс-шара «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, мемлекеттік органдар, азаматтар және өңірдің бизнес-қоғамдастығы арасындағы ашық диалогты дамытуға бағытталды. Кездесу барысында МКК Төрағасы қатысушыларды мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі бағыттарымен, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және заманауи ақпараттық жүйелерді дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралармен таныстырды. «Бүгінде біздің алдымызда бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар азаматтар мен бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Салық және кеден салаларында жүзеге асырылып жатқан барлық өзгерістер рәсімдерді жеңілдетуге, ашықтықты арттыруға және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған», – деп атап өтті Жандос Дүйсембиев. Кездесу барысында салық және кеден заңнамаларындағы өзекті өзгерістерге, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелеріне, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қолайлы жағдайлар жасауға, адал салық төлеушілерді қолдауға және халық пен бизнеспен өзара іс-қимылдың сервистік моделін одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Облыс тұрғындары, бизнес өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен сарапшылар қауымдастығының мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтып, мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. «Біз үшін кері байланыс өте маңызды. Ашық диалог азаматтар мен кәсіпкерлердің сұраныстарын тереңірек түсінуге, туындайтын мәселелерге дер кезінде ден қоюға және экономиканың дамуына әрі мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ететін шешімдерді бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті МКК Төрағасы. Кездесу қорытындысы бойынша Жандос Дүйсембиев барлық қойылған сұрақтарға жауап беріп, азаматтарды жеке қабылдады.

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ақмола облысында ТМД елдерінің кеден қызметтері басшылары кеңесінің 82-отырысы өтті

    2026 жылғы 11 маусымда Бурабайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары кеңесінің (ТМД КҚБК) 82-отырысы өтті. Кеңес кедендік әкімшілендіруді дамыту, кедендік бақылауды жетілдіру және ТМД кеңістігіндегі экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келісілген тәсілдерді қалыптастыратын негізгі мемлекетаралық үйлестіруші орган болып табылады. Отырысқа Достастыққа қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтерінің басшылары мен өкілдері қатысты. Кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға, кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, транзиттік тасымалдарды жеңілдетуге және кеден органдарының қызметіне заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған кең ауқымды мәселелер қаралды. Отырыс қорытындысы келесі бағыттар бойынша шешімдер қабылданды: - перспективалы ақпараттық технологияларды енгізу, процестерді автоматтандыру, сондай-ақ инспекциялық-тексеру кешендері мен рентгендік бейнелерді талдау технологияларын қолдану тәжірибесімен алмасу; - өзара саудадағы мәліметтермен алмасу, тауарлардың кедендік құны туралы деректер алмасудың тиімділігін арттыру, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тіркеу және сәйкестендіру тетіктерін құру, сондай-ақ транзиттік тасымалдарды жеңілдету туралы меморандум мәселелері; - кеден қызметтерінің құқық қорғау бөлімшелерінің жұмыс регламенті, құқық бұзушылықтарға қатысы бар тұлғалар туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ Кедендік сараптамалар мен зерттеулер орталығының қызмет ету мәселелері; - кеден саласындағы ТМД-ның халықаралық-құқықтық базасын өзектендіру, оның ішінде практикалық маңызын жоғалтқан жекелеген келісімдер мен хаттамалардың күшін қайта қарау және тоқтату. Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар Дүниежүзілік кеден ұйымы шеңберінде ТМД мемлекеттерінің ұстанымдарын үйлестіру мәселелерін, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының алдағы 35 жылдығына арналған іс-шараларды талқылады. Отырыста сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев ТМД Кеден қызметтері басшылары кеңесінің форматы Достастық мемлекеттерінің кеден әкімшіліктері арасындағы практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға және бірлескен шешімдерд і қабылдауға арналған тиімді алаң болып қала беретінін атап өтті.

    12 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ақмола облысында ЕАЭО мемлекеттерінің кеден қызметтері бірлескен алқасының 54-ші отырысы өтті

    2026 жылғы 11 маусымда Бурабайда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің Кеден қызметтері біріккен алқасының (КҚБА) 54-отырысы өтті. Бұл – ЕАЭО кеңістігінде бірыңғай кеден саясатын іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі үйлестіруші орган болып табылады. Отырыс 2026 жылғы 29 мамырда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мемлекет басшылары қабылдаған шешімдерді іске асыру аясында өтті. Бұл талқыланған мәселелердің өзектілігін одан әрі арттырды. Алқа жұмысына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің басшылары мен делегация өкілдері қатысты. Кездесуде интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту, кедендік әкімшілендіруді цифрлық трансформациялау, өзара саудадағы кедергілерді жою және Одақ кеңістігінде заманауи логистикалық шешімдерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қатысушылар Біріккен алқаның алдыңғы отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы ақпаратты тыңдады. Отырыс барысында кең ауқымды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды: - тауарлардың жекелеген санаттарын сыныптау тәсілдерін жетілдіру, электрондық сауда тауарларын қайтаруды реттеу және жеке пайдалануға уақытша әкелінген көлік құралдарын бақылау; - мультимодальды, оның ішінде контрейлерлік тасымалдарды дамыту, кедендік транзитті әкімшілендіруді жетілдіру және кедендік операцияларды жүргізу кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру; - электрондық құжат айналымын кеңейту, Одақ мемлекеттерінің кеден қызметтерінің ақпараттық жүйелерін үйлестіру, сондай-ақ кедендік бақылау үдерістеріне жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологияларын енгізу; - көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды күшейту, транзиттік тасымалдар кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәуекелдерді басқару жүйелерінің тиімділігін арттыру. Отырыс барысында Қазақстан Республикасы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев кедендік рәсімдерді одан әрі цифрландыру ЕАЭО мемлекеттерінің кедендік шекаралары арқылы тауарлардың қозғалысының ашықтығын, қауіпсіздігін және жеделдігін қамтамасыз етудің басты шарты екенін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша кедендік әкімшілендіруді одан әрі үйлестіруге, цифрлық технологияларды дамытуға және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған шешімдер қабылданды. Сондай-ақ қатысушылар Кеден қызметтері біріккен алқасының келесі отырысын өткізу күні мен орнын белгілеу туралы келісімге келді.

    12 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Дүниежүзілік банк МКК ҚМ РҚ қызметкерлері үшін үш күндік семинар өткізді

    2026 жылғы 25-28 мамыр аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлері үшін оқу семинарын ұйымдастырды. Іс-шара халықаралық салық салу және трансферттік баға белгілеу саласындағы салық қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Семинарды ҚМ МКК төрағасының орынбасары Нұржанов Жәнібек ашты. Ол Қазақстандағы салық әкімшілігін жетілдіру үшін мұндай ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, государственный орган жұмысына озық халықаралық стандарттарды енгізудің қажеттілігін баса айтты. Семинардың алғашқы үш күнінде қатысушылар трансферттік баға белгілеу мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеді. Минералдарды өндіру және өткізу саласындағы баға белгілеу ерекшеліктеріне, қаржылық транзакцияларды салықтық бақылау тәсілдеріне, сондай-ақ дистрибьюторлармен жасалған операцияларды талдау тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Бағдарламаның жеке блогы ЭЫДҰ-ның Pillar One шеңберіндегі базалық дистрибуция қызметіне сыйақы төлеудің жеңілдетілген тәсілі — В сомасын (Amount B) талқылауға арналды. Семинардың маңызды оқиғасы трансферттік баға белгілеу саласында бай тәжірибесі бар Үндістанның салық органы өкілдерімен өткізілген виртуалды кездесу болды. Кездесу барысында тараптар компания ішіндегі мәмілелерді бақылаудың практикалық тәсілдерімен алмасты және осы саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Қорытынды күні 28 мамырда халықаралық салық салудың кең ауқымды мәселелеріне арналды: ғаламдық минималды салықты (Pillar Two) енгізу, пайыздарды шегеруді шектеу бөлігінде BEPS жоспарының 4-іс-қимылын қолдану, қосарланған салық салуды жою механизмдері, сондай-ақ салық органдары мен адал салық төлеушілер арасындағы әріптестік қатынастарды қалыптастыру құралы ретінде көлденең мониторингтің практикасы талқыланды. Өткізілген семинар ҚМ МКК-нің институционалдық әлеуетін нығайтуға және халықаралық салықтық ынтымақтастық жүйесіндегі оның позицияларын бекітуге елеулі үлес қосты.

    29 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қазақстан мен Түркия кедендік статистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

    2026 жылғы 12-15 мамыр аралығында Астана қаласында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Түркия Республикасы Сауда министрлігі сарапшыларының 2025 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы сауданың кедендік статистикасы деректерін салыстыру және әдіснамалық тәсілдерді келісу мәселелеріне арналған екінші отырысы өтті. Отырыс барысында тараптар соңғы жылдардағы өзара сауданың статистикалық деректеріндегі алшақтықтардың динамикасын талқылады , сондай-ақ сыртқы сауданың кедендік статистикасын қалыптастырудың негізгі әдіснамалық аспектілерін қарастырды. «Қазақстан Республикасының экспорты - Түркия Республикасының импорты» және «Қазақстан Республикасының импорты - Түркия Республикасының экспорты» бағыттары бойынша деректерді салыстыруға ерекше назар аударылды. Сарапшылар 2025 жылғы статистикалық деректердегі бар алшақтықтардың себептеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізді , кедендік статистикалық ақпаратты қалыптастыру, өңдеу және талдау саласындағы тәжірибелерімен және үздік тәсілдерімен алмасты. Қатысушылар жеке блок ретінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, соның ішінде алмасатын мәліметтер тізбесін кеңейтуді, ақпараттық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруді және өзара сауда деректерін салыстыру бойынша талдау жұмыстарын тереңдетуді қарастырды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2025 жылғы сыртқы сауданың кедендік статистикасы деректерін салыстыру жөніндегі сарапшылардың екінші отырысының Хаттамасына қол қойды , онда қол жеткізілген уағдаластықтар бекітіліп, өзара іс-қимылдың алдағы бағыттары айқындалды. Бұл іс-шараны өткізу Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы серіктестікті нығайтудағы кезекті маңызды қадам болды, сондай-ақ екі елдің сыртқы саудадағы кедендік статистикасы деректерінің ашықтығын, сапасын және салыстырмалылығын арттыруға ықпал етеді.

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    МКК 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысын шығарды

    КГД төрағасы Жандос Дүйсембиев мемлекеттік кірістер органдары ауқымды өзгерістер кезеңінде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді, жаңа ақпараттық жүйелер енгізілді, көрсеткіштерді автоматты түрде есептеуден бастап мемлекеттік сатып алулардағы цифрлық ҚҚС пилоттық жобасына дейін цифрлық құралдар белсенді қолданылуда. Мобильді топтар бағыттар бойынша жұмысын жалғастыруда, ал заңнамалық түзетулер жүйелі өзгерістердің жаңа пакетіне енгізілуде. «Бүгінде бюджетке түсетін түсімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, әкімшілендірудің барлық шараларын сапалы іске асыру және әрбір бағыт бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру аса маңызды», – деп атап өтті Жандос Дүйсембиев отырыс барысында. Алғашқы мәселе ретінде мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің орындалу қорытындылары қаралды. Одан кейін аудит, берешекті өндіріп алу және ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру бағыттары бойынша нәтижелер тыңдалды. Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыру және берешекті қысқарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ камералдық бақылау, ҚҚС пен акциздерді әкімшілендіру нәтижелері қаралып, тәуекелдерді уақтылы анықтау, бақылау тетіктерін жетілдіру және әкімшілендіруді күшейтуге басымдық берілді. Кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша рәсімдердің ашықтығын одан әрі арттыру, бақылаудан өту уақытын қысқарту және процестерді цифрландыруды күшейту қажеттігі атап өтілді. Жеке блок ретінде өндірістік емес төлемдер, жеке тұлғаларды әкімшілендіру, сондай-ақ бейрезиденттерді әкімшілендіру мәселелері талқыланып, салықтық сүйемелдеуді одан әрі жетілдіру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру міндеттері қойылды. Алқа қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою, бақылауды күшейту және мемлекеттік кірістер органдары қызметінің барлық бағыттары бойынша әкімшілендіру сапасын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. 2026 жылдың I тоқсанының көрсеткіштері бойынша мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы 103,3% -ды құрады немесе бюджетке 6,2 трлн теңге түсті. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салықтық түсімдердің өсу қарқыны +19,9%-ды құрады немесе 1 трлн теңгеге артық түсті. Бизнесті бөлшектеу схемаларын, жалған мәмілелерді, негізсіз салықтық шегерімдерді анықтауға және арнайы салық режимдері арқылы салық салудан жалтару тәуекелдерін төмендетуге ерекше назар аударылуда. Электрондық шот-фактураларды бақылау, ЭШФ-ны қайта жазып берудің жолын кесу және жалған операцияларды анықтау жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ тауарлардың құнын төмендететін немесе өнімнің шығу тегін растамайтын экспорттаушыларға мониторинг күшейтілді.

    6 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    МКК төрағасының Қостанай қаласында халықпен кездесуі

    2026 жылғы 7 сәуірде Қостанай қаласында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұстанымының іске асыру аясында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Қостанай облысының тұрғындарымен ашық кездесу өткізді. Жиын барысында төраға Мемлекеттік кірістер комитетінің негізгі жұмыс бағыттарын атап өтті, оның ішінде салық және кеден заңнамаларына өзгерістер енгізу, жаңа ақпараттық жүйелердің артықшылықтары, халыққа сервистік қызмет көрсетуге көшу, адал бизнесті қолдау, сонымен бірге 2026 жылға арналған алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Ашық диалог форматында өткен кездесуде салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылды арттыру бойынша сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Сөз соңында Жандос Дүйсембиев кездесуге қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, сонымен қатар азаматтармен жеке кездесу өткізді.

    6 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстанда Тәуекелдерді басқару бойынша ДТҰ-ның мастер-тренерлер бағдарламасының жұмыс тобының 5-ші отырысы өтуде

    2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДТҰ) және Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) қолдауымен жүзеге асырылатын тәуекелдерді басқару бойынша мастер-тренерлер бағдарламасы жұмыс тобының 5-ші отырысы өтуде. Іс-шараға Армения, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кеден қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ ДТҰ-ның аккредиттелген сарапшылары қатысуда. Отырыс тәжірибеге бағытталған форматта өтіп, нақты кейстерді талқылау, тәжірибе алмасу және кеден органдарының күнделікті қызметінде қолданылатын шешімдерді әзірлеу үшін тиімді жұмыс алаңы ретінде қызмет етуде. Іс-шараны аша отырып, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов тәуекелдерді басқару қазіргі кеден қызметінің негізгі құралдарының біріне айналып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл тек бақылау тиімділігін арттыру ғана емес, сонымен қатар адал бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, бақылау шараларын жоғары тәуекел аймақтарына шоғырландыруға мүмкіндік беретін теңгерімді жүйе қалыптастыруды көздейді. Отырыстың негізгі тақырыбы – оқыту саласындағы ұлттық әлеуетті дамыту. Қатысушылар халықаралық стандарттарды ұлттық тәжірибеге бейімдеп, оларды тиімді енгізе алатын мастер-тренерлерді даярлаудың тұрақты жүйесін қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізуде. Практикалық бөлімге ерекше назар аударылған: мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері бағдарлама қатысушылары әзірлеген материалдар негізінде оқыту сессияларынан өтуде. Бұл тәсіл алынған білімді бекітіп қана қоймай, оны нақты жағдайларда қолдану мүмкіндігін сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін бұл іс-шара үздік халықаралық тәжірибелерді зерделеп қана қоймай, оларды ұлттық басымдықтарды ескере отырып бейімдеуге мүмкіндік береді. Негізгі назар – неғұрлым дәл және интеллектуалды бақылауға көшу, артық рәсімдерді қысқарту және кедендік ресімдеуді жеделдету. Маңызды бағыттардың бірі – өңір елдерімен келісілген тәсілдерді қалыптастыру. Бұл тауарлардың шекара арқылы қозғалысының ашықтығы мен болжамдылығын арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

    6 мамыр 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.