Ашық есік күні.

    Орган
    aktobe-social
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Ашық есік күні.
    КездесуАяқталды

    Ақтөбе облысының Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға арналған Ашық есік күні өткізілді.

    Іс-шараға Ақтөбе қаласы прокуратурасының өкілдері, облыстық Әділет департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Полиция департаменті, Отбасын қолдау орталығы, жеке сот орындаушылар, «HR Consalting Kazakhstan» ЖШС, Ақтөбе қаласының Мансап орталығы және жұмыс берушілер қатысты.

    Шара барысында қатысушыларға жан-жақты кеңестер беріліп, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, банктік шот ашу мәселелері бойынша түсіндірме беріліп, берешек мәселелері бойынша құқықтық кеңестер ұсынылды.

    Іс-шара аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қатысушыларға тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері таныстырылды.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Ақтөбеде "Адам саудасы - ауыр қылмыс" кең ауқымды ақпараттық науқанының өткізілу жоспары талқыланды

    2026 жылғы 24–30 шілде аралығында Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай өткізілетін «Адам саудасы – ауыр қылмыс» атты кең ауқымды ақпараттық науқанның жоспары Басқарманың бөлім басшысы Шынар Құрманбаева, бас маман Бекболат Иманғалиев, Ақтөбе облысы Полиция Департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры Айдар Унгарбаев және «Дәріс-2026» қоғамдық қорының директоры Гүлнұр Идигееваның қатысуымен талқыланды.

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    МероприятиеАяқталды

    Ақтөбеде «Сен жалғыз емессің: қолдау күні» акциясы аясында өзекті мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды

    Ақтөбе қаласында өткен «Сен жалғыз емессің: қолдау күні» акциясы аясында Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы, депутаттары, қалалық бөлімдердің өкілдері, заңгерлер, психологтар, кәсіпкерлікке бағыттаушы мамандар тұрғындарды қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады. Шараның басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған отбасыларға, аналарға және азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың қызметін қолжетімді ету. Қабылдауға келген тұрғындардың саны көп болды. Әрқайсысының өмірлік жағдайы әртүрлі болғанымен, көтерілген мәселелердің негізгі бөлігі баспана, әлеуметтік жағдай, инфрақұрылым және тұрғылықты мекенжайлардың жай-күйіне қатысты болды. Кейбір азаматтар борышкер атанып, күнделікті тұрмысын қамтамасыз етуде қиындық көріп отырғандарын айтты. Мұндай жағдайлардың бір бөлігі қаржылық сауаттылықтың төмендігімен байланысты болса, енді бір бөлігі шынайы мұқтаждық пен әлеуметтік мәселелердің салдары екені байқалды. Сондай-ақ тұрғындарға тұрғын үй кезегіне тұру, кезектің жылжуы, әлеуметтік төлемдер және тұрғын үй алу мүмкіндіктері мәселелері бойынша консультациялар берілді.

    12 маусым 2026 ж.Тікелей
    НовостиАяқталды

    Ақтөбеде қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен азаматтарға арналған Қолдау күні өтеді

    2026 жылғы 11 маусым күні сағат 10:00-де Ақтөбе қаласындағы «Анаға тағзым» орталығында тұрғындарға құқықтық, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған «Қолдау күні: сен жалғыз емессің» атты кең ауқымды ақпараттық-консультациялық шара өтеді. Іс-шараның мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен азаматтарға мемлекеттік қолдау тетіктері туралы ақпарат беру, құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес ұсыну, сондай-ақ халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру. Шара барысында тұрғындар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен тікелей кездесіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алады. Қатысушыларға: * психологиялық қолдау және кеңес беру; * құқықтық көмек көрсету; * тұрғын үй және несие мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары; * жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы консультациялар ұсынылады. Іс-шара халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог алаңына айналып, азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге нақты қолдау көрсетуге бағытталған. Ақтөбеліктерді шараға қатысуға шақырамыз.

    8 маусым 2026 ж.Тікелей
    ПоздравлениеАяқталды

    Облыс әкімі Асхат Шахаровтың Қала күніне арналған құттықтауы

    Ардақты ақтөбелік ағайын! Баршаңызды алтын бесігіміз - Ақтөбе қаласының туған күнімен құттықтаймын! Ғасырдан астам тарихы бар Ақтөбе - елдің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, еңбегімен еңселенген, бірлігімен бекемденген қасиетті шаһар. Кеше ғана шағын бекініс ретінде іргесі қаланған қала бүгінде Қазақстанның батысындағы ірі индустриялық, экономикалық және мәдени орталықтардың біріне айналды. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Ақтөбенің өндірістік-логистикалық және транзиттік әлеуеті зор, стратегиялық маңызы жоғары. Ақтөбе талай тарихи кезеңдерді бастан өткеріп, талай белесті бағындырды. Бүгінде шаһарымыз қарқынды дамып, жаңа келбетке ие болып келеді. Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақтөбеде ауқымды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Саябақтарға көрік беріліп, жаңадан қоғамдық кеңістіктер пайда болып, мыңдаған ағаш отырғызылып, тұрғындарға жайлы әрі экологиялық таза орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жүзеге асырылып жатыр. Қаламыздың келешек келбетін айқындайтын ірі жобалардың бірі - «Алтын Орда» іскерлік-экономикалық орталығы бой көтеріп келеді. Ақтөбенің жаңа даму нүктесіне айналатын заманауи кеңістікте жаңа драм театр, халықаралық талаптарға сай стадион, көпфункционалды спорт аренасы, ауқымды саябақтар мен тұрғындарға қажетті әлеуметтік және коммерциялық нысандар салынады. Сонымен қатар, заман талабына сай сауда және ойын-сауық орталықтары, қонақ үй кешендері, қоғамдық демалыс аймақтары мен бизнес орталықтар бой көтереді. Бұл жобалар Ақтөбенің экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, шаһардың сәулеттік келбетін жаңа деңгейге көтереді. Ақтөбеміздің қалыптасу жолында әрқайсыңыздың орныңыз ерекше. Қаланың өркендеуіне үлес қосып жүрген еңбек адамдарына, ардагерлерге, жастарға, кәсіпкерлер мен зиялы қауым өкілдеріне шынайы алғысымды білдіремін. Ақтөбенің бүгінгі жетістігі - барша ақтөбеліктің ортақ еңбегінің нәтижесі. Біз туған қаламыздың болашағы үшін бір үйдің баласындай жұмылып еңбек ете береміз. Ақтөбе алдағы уақытта да тұрғындарына жайлы, қонақтарына тартымды, келешегі кемел шаһар боларына сенімім мол. Қала күні құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, әр отбасыға амандық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін! Ел аман, жұрт тыныш болғай!

    28 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КеңесАяқталды

    Ақтөбе облысында балаларды қорғау жүйесі күшейтілуде

    Облыс әкімі Асхат Шахаров төрағалығымен өткен аппаратт мәжілісінде балалардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әліби Латып қалада және облыс аудандарында балалардың құқықтарын қорғау жүйесінің сапасын арттыру мақсатында 66 маман жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметіне бақылау күшейтілді. Басқарма мәліметінше, облыста 762 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оларды асырау және қамқоршылар мен патронаттық тәрбиешілерді қолдау үшін 296 млн теңгеден астам қаржы төленген. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиялардың жұмысына баса назар аударылды. Биылдан бастап олардың құрамына қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ата-аналар комитеттері және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар енгізілді. 2026 жылдың I тоқсанында 97 отырыс өткізіліп, құқықбұзушылықтардың алдын алу және білім беру бағыты бойынша 178 мәселе қаралған. Әліби Латып білім беру ұйымдарында «111» QR-код жүйесінің жұмысына да тоқталды. Психологиялық қызмет бағытында 2 аудан және қалада 558 педагог-психолог пен 376 әлеуметтік педагог жұмыс істейді. «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы педагогикалық қолдауды қажет ететін оқушыларды анықтап, олармен жүйелі психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізуде. Басқарма басшысының айтуынша, Ақтөбе облысы бойынша «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленіп, оған жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын балаларды қолдау, қорғау және әл-ауқатын жақсартуға бағытталған 76 іс-шара енгізілген. Мәселені талқылау барысында облыс әкімі ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және балалармен жұмыс барысында формалды тәсілге жол бермеу қажеттігін атап өтті. «Балалармен жұмыс формалды сипатта болмауы тиіс. Әрбір санның артында баланың тағдыры мен нақты жағдай тұр, оны назардан тыс қалдыруға болмайды. Біз бейжайлыққа немесе жауапкершілікті бір-біріне жүктеуге жол бермеуіміз керек. Барлық қызмет өз рөлін және түпкі нәтижені нақты түсіне отырып, біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуі тиіс. Әрбір жағдай жай тіркеліп қана қоймай, нақты шешіміне дейін жеткізілуі қажет», — деді Асхат Шахаров.

    28 сәуір 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді

    Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлайды, жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру мақсатында 2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді. Оған барлық саладағы кәсіпорындар қызметкерлері қатыса алады. Конкурс келесі номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі: - «Үздік еңбек династиясы» - «Үздік жас өндіріс қызметкері» - «Үздік жұмыс істейтін жастардың тәлімгері» «Үздік еңбек династиясы» номинациясында ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең көп әулет таңдалады. Еңбек әулеті қазіргі уақытта еңбек қызметін атқарып, осы кәсіпорында кемінде 20 жыл жиынтық жұмыс өтілі бар бір ұйымның жұмыскерлер тобын, бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағын (ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі де балаларымен немесе немерелерімен бірге) білдіруге тиіс. Еңбек жолын бұрын бастаған өкіл еңбек әулетінің басшысы болып танылады. Еңбек династиясының басшысы – еңбек қызметін ең алғаш бастаған тұлға болып танылады. Еңбек әулеті қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастардың кәсіби бағдарлануына жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс. «Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясында 5 жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады. Конкурс 2 кезеңде өткізіледі: - 1-ші кезең өңірлік деңгейде өткізіледі: Өңірлік деңгейдегі бірінші кезең: 1 шілдеге дейін — жергілікті атқарушы органдар арқылы өтініштер қабылданады 10 тамызға дейін үздік еңбек әулеттері мен республикалық маңызы бар қала қызметкерлері арасында жеңімпаздар анықталады; - 2-ші кезең республикалық деңгейде қазан айында өткізіледі, онда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бұрын айқындалған жеңімпаздары арасында қорытындылар шығарылады және жеңімпаздар марапатталады. Республикалық деңгейдегі екінші кезең қазан айында өткізіледі, онда өңірлерден, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан таңдалған жеңімпаздар марапатталады. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылуы тиіс: номинацияны көрсете отырып, конкурска қатысу туралы еркін түрде жазылған өтініш; жеке куәліктің көшірмесі; номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (жұмыс орны мен дағдыларын көрсете отырып, қаласаңыз); қатысушы туралы 1-3 слайдтан тұратын компьютерлік презентация (Microsoft PowerPoint форматында) (жұмыс, отбасы, қызығушылықтар, хобби және т.б.); еңбек әулетінің әрбір өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың жұмыс беруші куәландырған көшірмесі / жұмыс орнынан анықтама; Жұмыс берушінің немесе кәсіподақтың ұсынған ұсыным хаттары. Мүмкін болған жағдайда (құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттардың, грамоталар мен алғыс хаттардың көшірмелері кәсіби біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (болған жағдайда). Конкурсқа арналған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде Ақтөбе қаласы мен аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне немесе Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына келесі мекенжай бойынша ұсынылады: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101, 101-кабинет (байланыс телефоны: 56-00-43).

    23 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ДругоеАяқталды

    “Таза Қазақстан” -“Таза бейсенбі”

    Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында “Таза бейсенбі” тазалық жұмыстарын жүргізді. #TazaQazaqstan #ТазаҚазақстан

    23 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Мемлекет Басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларын 7 айда орындалу мәселесінің жиналысы өтті.

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Мемлекет Басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларын орындау мәселелері (жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек, еңбекақының бережақтары, еңбек мобильділігі мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының т.б) бойынша жиналыс өткізді. Жиналысқа облыс әкімдігі, мәселеге қатысты басқармалар басшылары мен әлеуметтік қызмет көрсету Орталықтарының директорлары қатысты.

    16 тамыз 2024 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.