
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала әкімдігінің қызметкерлері Тәуелсіздік аллеясында пирамидалық терек көшеттерін отырғызып, туған өлкенің ажарын айшықтай түсті.
Табиғатты аялауға үндейтін бұл игі шара қаланы көгалдандырумен қатар, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды. Жасыл желекке жан бітірген әрбір көшет — келер ұрпаққа қалдырылар көркем мұра мен таза болашақтың символы.