
Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2026 жылғы 30 сәуірде Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар өкілдерінің қатысуымен «2026 жылдың 1 тоқсанындағы камералдық бақылау қорытындылары» тақырыбында семинар өткізді.
Сонымен, семинар барысында 2026 жылдың 1 тоқсанындағы камералдық бақылау қорытындылары жарияланды. Департамент мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау шеңберінде тұрақты негізде камералдық бақылауды жүзеге асырады.
2026 жылдың 1 тоқсанында камералдық бақылаумен жалпы сомасы203,6 млрд теңгеге 9 299 Мемлекеттік сатып алу (лоттар)қамтылды.
Камералдық бақылау барысында жалпысомасы 8,4 млрд. теңгеге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 501 хабарлама жіберілді.
Камералдық бақылау бағыттары бөлінісінде: бірінші бағыт-ашық конкурс 46, екінші бағыт ашық конкурс – 13, баға ұсыныстарын сұрату арқылы 144, тікелей қорытынды жолымен бір көзден алу тәсілімен-296, екінші бағыт - рейтингтік балдық жүйеден конкурс - 1, бірінші бағыт-рейтингтік – балдық жүйені пайдалана отырып конкурс-1.
Мұндай бұзушылықтарды анықтау фактілері бойынша Департамент тиісті ден қою шараларын қабылдайды. Аталған шаралар алдын алу сипатында болады және алдын алуға, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңдылық пен ашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Департамент олардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мониторингілеу және талдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.