
«Мерейліотбасы»ұлттық конкурсын өткізу қағидалары
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы отбасымен некенің адамгершілік құндылықтарымен оң имиджін жандандыруға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
2. Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.
3. Конкурсқа мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар,сондай-ақ қоғамдық пайдалы, волонтерлік қызметке қатысатын отбасылар қатыса алады.
4. Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең–қала, екінші кезең – облыстық.
5. Конкурсқа қатысу үшін өтінім қағаз немесе электрондық нұсқадағы нысан бойынша ішкі саясат бөліміне 2026 жылдың15 мамырынан 15 маусымғадейін (Рудный қаласы, Ленинакөшесі, 95 үй, 225- кабнемесе электрондық мекенжайға[email protected]), 4 54 33 телефоны .
Қосымшасы
Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
- асырап алушы (қамқоршы) отбасылар үшін – кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы Жергілікті уәкілетті органның шешімінен үзінді көшірменің көшірмесі;
- неке қию туралы куәліктің көшірмелері;
- ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда (болған жағдайда) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері;
- балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екендігін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
- заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (екіден кем емес);
- отбасы мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
- қоғамдық пайдалы қызметке қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) ;
- дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.
Үздік жұмыстар облыстық конкурсқа қатысу үшін бағытталатын болады. Жұмыста 10 критерий бағаланады:
1) отбасы мүшелерінің жетістіктерінің санымен маңыздылығы (Отбасы тарихы - визит карточкасы - презентация);
2) отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер;
3) отбасының рухани - адамгершілік құндылықтары;
4) балалармен немерелердің жетістіктері (Барболса);
5) ата-аналардың жетістіктері үлгіретінде;
6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны-бір аумақта бірге тұратын бірнеше ұрпақ өкілдері);
7) отбасының таланттары;
8) отбасының өмір салты (салауатты өмір салты, бос уақыт);
9) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық) қатысу;
10) жетім балаларға қамқоршылық,тәлімгерлік ету.
-Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім
- Отбасы құрамы:
Р\с № |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туыстық дәрежесі |
Туған күні (күні, айы, жылы) |
Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы |
Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны |
- Отбасылық өмір тәжірибесі _____________________________________
- Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері) ______________________
- Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері: ___________________________________________________
- Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғысхаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі) _____________________
- Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса) _________________________________________________
- Отбасылық фото суреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды)
- Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик
- Өзге де құжаттар ___________________________________________
Қолы __________
Күні __________