ХАБАРЛАНДЫРУ

    Орган
    bko-akzhaik
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХАБАРЛАНДЫРУ
    ОбъявлениеАяқталды
    ОБЪЯВЛЕНИЕ

    Құрметті Ақжайық ауданының тұрғындары!

    Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын сақтау мақсатында, Сіздерден әуедегі ұшқышсыз аппараттарды (ҰША, дрон) байқаған кезде сақ болуыңызды және келесі ұсынымдарды орындауыңызды сұраймыз:

    Егер сіз дронды байқасаңыз:

    Оның жұмысына араласуға немесе аппаратты түсіруге тырыспаңыз. Бұл қауіпті болуы мүмкін.

    Дронның маркасын, моделін, түсін және ұшу сипаттамасын (инфрақұрылым объектілеріне жақындау әрекеттері, стандартты емес әрекеттер және т.б.) жадыңызға сақтап немесе жазып алыңыз.

    Дрон корпусындағы тану белгілеріне немесе тіркеу нөміріне назар аударыңыз.

    Егер дрон күдікті немесе белгіленген қағидаларды бұзатын болса, дереу құқық қорғау органдарына 102 нөмірі бойынша немесе ең жақын әкімдікке хабарлаңыз.

    Қандай әрекеттерге тыйым салынған:

    Стратегиялық маңызы бар объектілердің (энергетикалық объектілер, ЖКХ объектілері, әкімшілік ғимараттар және т.б.) жанында дрон ұшыру.

    Адам көп жиналған жерде тиісті рұқсатсыз дрон ұшыру.

    Ресми рұқсатсыз шектеулі аймақтарды түсіру үшін дронды пайдалану.

    Дрон иелері үшін:

    Қазақстан Республикасының ҰША пайдалануды реттейтін заңнама талаптарының сақталғандығына көз жеткізіңіз.

    Сізде, дронды тіркеуді растайтын құжаттар болуы керек екенін ұмытпаңыз (егер заңмен талап етілсе).

    Дронды ұшыру тек күндізгі уақытта және оператордың көру қабілеті шегінде жүзеге асырылуы керек.

    Барлық тұрғындар үшін:

    Сіздердің қырағылығыңыз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Егер Сіз, күдік тудыратын дронды байқасаңыз, оның фактісі туралы хабарлаңыз.

    Бірге біз өңіріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз!

    Естеріңізге саламыз: дронды пайдалану қағидаларын бұзу кез келген жағдайда қауіп тудыруы мүмкін және заң бойынша жауапкершілікке әкеледі.

    Ұқсас материалдар

    ОбъявлениеАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Ақжайық ауданы әкімі аппараты және дербес бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды. Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    Дауылдан қорғану және шатыр қауіпсіздігі

    Қатты дауыл салдарынан ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырлары ұшып, зардап келтіруі ықтимал. Сондықтан шатырдың беріктігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету аса маңызды. Ғимараттың шатыры аймақтың климаттық ерекшеліктерін, жел және қар жүктемелерін ескере отырып жасалуы тиіс. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін келесі шараларды орындау ұсынылады: Шатырдың тұтастығын, көтергіш конструкцияларын, су ағатын құрылғыларын және жабдықтармен түйіскен жерлерін жүйелі тексеру. Ағаш конструкцияларда бекіткіштердің тартылуын қадағалау, қажет болса ауыстыру. Темір-бетон элементтеріндегі жарықтарды цемент ерітіндісімен бітеу. Болат және даналы шатырларды ішкі-сыртқы жағынан тексеріп, қоқыстан тазалау. Шатырды үнемі жапырақтан, қардан, мұздан тазарту. Жөндеу алдында карниз, су бұрғыш және көтергіш элементтерді жарамды күйге келтіру.

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Дала өртінен сақ болыңыз! Құрғақ шөп пен қатты жел дала өртінің тез таралуына себеп болуы мүмкін. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз: Отты қараусыз қалдырмаңыз; Темекі тұқылын және жанғыш заттарды тастамаңыз; Ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз; Балаларды отпен ойнаудан сақтандырыңыз. Судағы қауіпсіздік – өз өміріңізді қорғау! Белгіленбеген жерлерде шомылмаңыз; Балаларды қараусыз қалдырмаңыз; Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз. Сақтық – қауіпсіздіктің кепілі!

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    ОБЪЯВЛЕНИЕ

    Құрметті Ақжайық ауданының тұрғындары! Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын сақтау мақсатында, Сіздерден әуедегі ұшқышсыз аппараттарды (ҰША, дрон) байқаған кезде сақ болуыңызды және келесі ұсынымдарды орындауыңызды сұраймыз: Егер сіз дронды байқасаңыз: Оның жұмысына араласуға немесе аппаратты түсіруге тырыспаңыз. Бұл қауіпті болуы мүмкін. Дронның маркасын, моделін, түсін және ұшу сипаттамасын (инфрақұрылым объектілеріне жақындау әрекеттері, стандартты емес әрекеттер және т.б.) жадыңызға сақтап немесе жазып алыңыз. Дрон корпусындағы тану белгілеріне немесе тіркеу нөміріне назар аударыңыз. Егер дрон күдікті немесе белгіленген қағидаларды бұзатын болса, дереу құқық қорғау органдарына 102 нөмірі бойынша немесе ең жақын әкімдікке хабарлаңыз. Қандай әрекеттерге тыйым салынған: Стратегиялық маңызы бар объектілердің (энергетикалық объектілер, ЖКХ объектілері, әкімшілік ғимараттар және т.б.) жанында дрон ұшыру. Адам көп жиналған жерде тиісті рұқсатсыз дрон ұшыру. Ресми рұқсатсыз шектеулі аймақтарды түсіру үшін дронды пайдалану. Дрон иелері үшін: Қазақстан Республикасының ҰША пайдалануды реттейтін заңнама талаптарының сақталғандығына көз жеткізіңіз. Сізде, дронды тіркеуді растайтын құжаттар болуы керек екенін ұмытпаңыз (егер заңмен талап етілсе). Дронды ұшыру тек күндізгі уақытта және оператордың көру қабілеті шегінде жүзеге асырылуы керек. Барлық тұрғындар үшін: Сіздердің қырағылығыңыз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Егер Сіз, күдік тудыратын дронды байқасаңыз, оның фактісі туралы хабарлаңыз. Бірге біз өңіріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз! Естеріңізге саламыз: дронды пайдалану қағидаларын бұзу кез келген жағдайда қауіп тудыруы мүмкін және заң бойынша жауапкершілікке әкеледі.

    5 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    ХАБАРЛАМА

    2026 жылдың 29 мамыр күні сағат 15:00-де Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 70 мекенжайда орналасқан аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында «Ақжайық ауданы Чапаев ауылы аумағындағы орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру» жобасы бойынша ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдау өткізу жоспарлануда. Ескертпелер мен ұсыныстарды Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 35 мекенжайдағы «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жолдауға болады. Байланыс телефондары: 8 (71136) 91-3-87, 92-5-42. E-mail: [email protected]

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Отчетная встречаАяқталды

    АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ КЕСТЕСІ

    « Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығы на сәйкес АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ КЕСТЕСІ № Рет.саны Ауылдық округ атауы Өтетін күні Уақыты Өтетін орны 1. 1. Базаршолан 17.02.2026 10.00 Мәдениет үйі 2. 2. Сарытоғай 15.00 Мәдениет үйі 3. 3. Қарауылтөбе 19.02.2026 10.00 Мәдениет үйі 4. 4. Базартөбе 15.00 Мәдениет үйі 5. 5. Құрайлысай 20.02.2026 10.00 Мәдениет үйі 6. 6. Есенсай 15.00 Мәдениет үйі 7. 7. Алмалы 24.02.2026 10.00 Мәдениет үйі 8. 8. Тайпақ 15.00 Мәдениет үйі 9. 9. Алғабас 26.02.2026 10.00 Мәдениет үйі 10. 10. Бударин 15.00 Мәдениет үйі 11. 11. Ақжол 27.02.2026 10.00 Мәдениет үйі 12. 12. Ақсуат 15.00 Мектеп 13. 13. Қабыршақты 03.03.2026 10.00 Мектеп 14. 14. Жамбыл 15.00 Мәдениет үйі 15. 15. Көнеккеткен 05.03.2026 10.00 Мәдениет үйі 16. 16. Мерген 15.00 Мәдениет үйі 17. 17. Жаңабұлақ 11.03.2026 10.00 Мәдениет үйі 18. 18. Чапаев 16.00 Мәдени-демалыс орталығы Ескертпе: Кездесулердің күні мен уақыты өзгерген жағдайда қосымша хабарлатанатын болады!

    17 ақпан 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.