
КездесуАяқталды
«Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін ашық есік күніне қатысуға шақырады.
Іс-шара барысында қатысушылар:
- басқарманың қызметімен таныса алады;
- құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы жобалар туралы ақпарат алады;
- өндірістік тәжірибеден өту және кәсіби даму мүмкіндіктері жөнінде біле алады;
- басқарма мамандарына өз сұрақтарын қоя алады.
Іс-шара жастардың мемлекеттік қызметке және құрылыс пен сәулет саласындағы мамандықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Сіздерді іс-шараға қатысуға шақырамыз!