
Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.

Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.
Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізеді. Талдау барысында аталған саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттары және басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша зерделенеді. Талдау «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 01 – 31 шілде күндері аралығында жүргізілетіндігін хабарлаймыз. Осыған орай, Бөлімге қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады. «Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды. Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі. Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев. Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. «Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания. Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.
Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізеді. Талдау барысында Бөліммен аталған саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттары және басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша зерделенеді. Талдау ағымдағы жылдың 01-31 шілде аралығы жүргізіледі. Осыған орай, Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А. Иманов көшесі, №З мекенжайында орналасқан Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне 21-1-15 нөмірі арқылы және [email protected] электронды мекенжайына хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Сырдария аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына және ««Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 9 қазандағы №12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы16 қаңтардағы № 21 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау 29.06.2026 жылы жүргізілетінін хабарлаймыз. Басталуы 17.06.2026 ж Аяқталуы 29.06.2026 ж
Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына және ««Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау 29.06.2026 жылы жүргізілетінін хабарлаймыз. Басталуы 17.06.2026 ж Аяқталуы 29.06.2026 ж
Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізеді. Талдау барысында аталған саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттары және басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша зерделенеді. Талдау «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 01 – 31 шілде күндері аралығында жүргізілетіндігін хабарлаймыз. Осыған орай, бөлімге қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Нұрсұлтан мен Мөлдір Баймановтар отбасында бірден үш қыз – Хадия, Жания және Дания дүниеге келді. Балаларды қорғау халықаралық күніне орай Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы сәбилерге туу туралы куәліктерін табыстады. Нәрестелер мерзімінен бұрын дүниеге келгендіктен, біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болды. Жуырда қыздар анасымен бірге перзентханадан аман-есен шығарылды. Үшемнің дүниеге келуімен Баймановтар отбасы бұрынғыдан да үлкен шаңыраққа айналды. Жаңа туған үш бүлдіршіннен бөлек, отбасында үлкен қыздары мен ұлдары тәрбиеленіп жатыр. Көпбалалы ана Мөлдірдің айтуынша, бірден үш қыздың өмірге келуі отбасы үшін зор қуаныш болған. «Біз өте бақыттымыз. Отбасымыз үшін бұл – үлкен қуаныш әрі тағдырдың ерекше сыйы. Көпбалалы ана атанғаныма қуаныштымын. Барлық уайым мен алаңдаушылыққа қарамастан, бүгін жүрегімізді тек қуаныш пен шүкіршілік сезімі кернеп тұр», – дейді анасы . Айта кетейік, жыл басынан бері Қызылорда облысында 5686 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 49 егіз тіркелген. Баймановтар отбасындағы үшем – биыл облыста тіркелген алғашқы үшем. «Үшемнің дүниеге келуі – тек отбасы үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін ерекше әрі қуанышты оқиға. Балаларды қорғау халықаралық күні сәбилерге алғашқы құжаттарын табыстау біз үшін үлкен мәртебе. Баймановтар отбасын шын жүректен құттықтап, бүлдіршіндерге мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының директоры Аида Абибуллаева. Сонымен қатар облыстық филиал атынан «Талсуат» балалар орталығының тәрбиеленушілеріне арнайы сыйлықтар табысталды. Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, оларға қамқорлық пен қолдау көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың сатып алынған тауарды, жұмысты және қызметті қайтару немесе айырбастау бойынша құқықтары туралы назарына жеткізеді. Тұтынушы ретінде өз құқықтарыңызды қорғауға көмектесетін негізгі ұсыныстар мен қадамдар төменде келтірілген: Негізгі құқықтарыңызды біліңіз Ақпарат алу құқығы: Тұтынушы тауар (жұмыс, қызмет), сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық, анық және уақтылы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде алуға құқылы. Қауіпсіздік құқығы: Тауар (жұмыс, қызмет) тұтынушының өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға қауіпсіз болуы тиіс. Тиісті сапа құқығы: Тұтынушы тиісті сападағы тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алуға құқылы. Еркін таңдау құқығы: Шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Тауарды айырбастау немесе қайтару құқығы: Тұтынушы тиісті және тиісті емес сападағы тауарды айырбастауға немесе қайтаруға құқылы. Шығынды өтету құқығы: Тұтынушы тауардың (жұмыстың, қызметтің) кемшіліктері салдарынан оның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның (шығынның) толық көлемде өтелуіне құқылы. Құжаттарды алу құқығы: Тұтынушы сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе шартты алуға құқылы. Құжаттарды сақтаңыз Әрқашан талап етіңіз және сақтаңыз: кассалық және тауарлық чектерді, түбіртектерді, жүкқұжаттарды, кепілдік талондарын, шарттарды және сатып алу немесе қызметке тапсырыс беру фактісін растайтын басқа да құжаттарды. Бұл дау туындаған жағдайдағы сіздің негізгі дәлеліңіз. Сапасыз тауарды сатып алған кездегі (немесе қызмет тиісті деңгейде көрсетілмеген кездегі) әрекеттер Егер сізге тиісті емес сападағы тауар сатылса (және оның кемшіліктерін сатушы алдын ала ескертпесе), сіз ҚР Заңына сәйкес өз қалауыңыз бойынша мыналарды талап етуге құқылысыз: Сатып алу бағасын үйлесімді түрде азайтуды. Тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды (жөндеу). Тауардың кемшіліктерін жоюға жұмсалған шығындарын өтеуді. Осыған ұқсас маркалы (модельді, артикулды) тауарға ауыстыруды. Сатып алу бағасын тиісті түрде қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельді, артикулды) сондай тауарға ауыстыруды. Шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтаруды.