Ақпарат үшін:
Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «ҚАЗГИДРОМЕТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалының 2026 жылғы 20 мамырынды дауылды ескерту туралы №20 ҚҚ хатына сәйкес Шымкент қ.: 21 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Дауылды ескерту
- Орган
- emer-shymkent
- Мәртебе
- Аяқталды
- Формат
- Тікелей
Ұқсас материалдар
Аңдатпа: «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы
Шымкент қаласы аумағында 2026 жылғы 28-29 мамыр аралығында «Өрт-2026» республикалық-командалық штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығудың мақсаты орман-дала өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылықтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы қала аумағында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі. 📌Осыған орай тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды, сондай-ақ тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.
Дауылды ескерту
Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «ҚАЗГИДРОМЕТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалының 2026 жылғы 19 мамырдағы дауылды ескерту туралы №19 ҚҚ хатына сәйкес Шымкент қ.: 20 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Аңдатпа
2026 жылғы 29 сәуір сағат 15:00-де Шымкент қаласы, Анаров көшесі, № 9 мекенжайында орналасқан «Шымкент» теміржол вокзалы ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі. Құрметті қала тұрғындары! Оқу-жаттығу өрт сөндірушілердің кәсіби дағдыларын арттыру, сондай-ақ нысан қызметкерлерін төтенше жағдай туындаған жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету мақсатында өткізіледі. Сіздерден сабыр сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.
Әңгімелесу өткізу кестесі
2026 жылғы 10 ақпанда сағат 10:00-де «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында (Шымкент қаласы, Назарбаев даңғылы, 151/1) сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері санаты бойынша іріктеуге қатысатын кандидаттармен әңгімелесу өтеді. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі № Кандидаттардың аты-жөні Ескертпе 1. Жорабек Әмірбек Сыздықұлы 2. Исабеков Бекзат Камолович 3. Тілеу Ерқанат Омарұлы
«Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы
2025 жылғы 12–13 қарашада Шымкент қаласында «Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығу аясында азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған бірқатар практикалық іс-шаралар өткізу жоспарланған. 12 қараша күні сағат 11:00-де қала аумағында халықты құлақтандыру жүйесінің жұмысын тексеру мақсатында дабыл іске қосылады. Құрметті қала тұрғындары! Сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.