
“Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы” КММ, “Қызылордажылуэлектрорталығы” МКК және «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-да “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес 2026 жылдың маусым айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған орай, аталған саланың қызметіне жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға ұсыныс пен пікірлеріңіз болса, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1 ғимаратында орналасқан “Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келуге және [email protected] электрондық поштасына жолдауға болады. Сонымен қатар, Басқарманың сенім телефонына 8(7242) 60-53-90 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.