
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ағымдағы жылдың 03 маусымында азаматтарға құқықтық консультацияларды беру, сонымен қатар азаматтарды қабылдау мақсатында, «Ашық есік күні» акциясы өткізілетінін хабарлайды.
Өтетін орны: ШҚО, Алтай ауданы, Больничная,1, көшесі, "Жаңа Бұқтырма селолық емханасы".
Аталған акцияға Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің, «AMANAT» партиясының, нотариаттық палатаның, жеке сот орындаушылар палатасының және заң консультанттары палатасының өкілдері қатысады.