
Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.

Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.
Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның кепілі Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты – еліміздегі қоғамдық тұрақтылықты, азаматтардың қауіпсіздігін және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың басты негіздерінің бірі. Заң үстемдігі орнаған қоғамда әрбір азаматтың құқығы қорғалып, әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттары берік орнығады. Бүгінгі таңда қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндетіне айналуда. Заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіпті бұзбау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды факторлар. Осы бағытта аудан көлемінде мемлекеттік органдар, құқық қорғау мекемелері, білім беру ұйымдары мен қоғамдық институттар бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізуде. Халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кездесулер, түсіндіру жұмыстары, дөңгелек үстелдер мен акциялар ұйымдастырылып келеді. Әсіресе жастар арасында заңға құрметпен қарау, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар, рейдтік жұмыстар тұрақты түрде өткізіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілуде. Мұндай жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, қоғамдағы өзара сенім мен жауапкершілік мәдениетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Құрбан айт әр шаңыраққа құт - береке, молшылық пен қуаныш әкелсін.
Тазалық жұмыстары барысында көше бойлары, арық - атыздар тазартылып, мекеме алдына гүл отырғызылды. Таза ауыл - баршамызға ортақ міндет. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау - әр азаматтың парызы. Бірлігіміз жарасқан ауылымыз әрдайым көркейе берсін!