
КездесуАяқталды
Құрметті аудан тұрғындары!
Ағымдағы жылдың 1-9 маусымы аралығында кестеге сәйкес, ауданның шағын ауылдарының тұрғындарымен ауылдық округ әкімдерінің тұрақты кездесулері өткізілетін болады.
Ағымдағы жылдың 15-18 маусымынан бастап кестеге сәйкес, ауылдық округтердің орталық елді мекендерінде Успен ауданының әкімі Нұрболат Абылайханұлы Мақашевтың халықпен тұрақты кездесулері өтеді.
Сіз өз ұсыныстарыңызды, ескертулеріңізді және жауаптарыңызды электрондық форматта немесе жазбаша түрде:
- Успен ауданы әкімдігінің ресми сайтына www.gov.kz;
- Әлеуметтік желілердің аккаунттарына және мессенджерлерге (Instagram - @n.makashev; WhatsApp нөмірі - +77085919169);
- 8(71834) 91-9-37, 91-8-30байланыс телефондары арқылы жібере аласыздар.
Тұрақты кездесулердің қорытындысы бойынша азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтеді.