«Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзінің қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетінін хабарлайды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде әзірленген ұсынымдар мен талдау нәтижелерін ашық жария талқылауға жұмыс тобының мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, жұртшылық өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Белоглин ауылдық округінің тұрғындары шақырылады.
Жария талқылау 2026 жылғы 11 маусымда (бейсенбі) сағат 15:00-де офлайн форматта өтеді.
Өтетін орны: Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Белоглин ауылы, А. Иманов көшесі, 11-үй, Белоглин ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.